Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1700 материал табылды

Оқиға • 04 Сәуір, 2025

Түркістан жұрты Бекзат Саттархановты еске алды

Түркістанда жыл сайын 4 сәуір күні бокстан Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған іс-шаралар өткізіліп келеді. Оқушылар сарайында өткен, қазақ спорты тарихында есімі алтын әріппен жазылған боксшының жарқын ғұмырына арналған «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері сол игі істердің бірі.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2025

Мұқтаж жандарға баспана сыйлады

Түркістан өңірінің жастары қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес, ең бастысы мейірімді жүрек пен таза ниет болса жеткілікті деп есептейді. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әртүрлі бағытта көмек қолын соза алатынын нақты істерімен дәлелдеп те жүр.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2025

Алматылық дәрігерлер Ордабасы тұрғындарына қызмет көрсетті

Білікті, білімді, кәсібилігі ел аузында жүретін медицина мамандарының кеңесін алу оңай емес, бүгінде. Алдын ала жазыласыз, іздеп барасыз, кезек күтесіз, ақылы болса ақшасын төлейсіз. Ал медицина ғылымдарының кандидаты Марат Пашимов бастап келген «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ мамандары Түркістан облысы тұрғындарына медициналық қызмет көрсетіп жатыр.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2025

Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіледі

Түркістан облысының 2 милионнан астам халқының 49%-ы – әйелдер, сондай-ақ еліміздегі барлық көпбалалы ананың төрттен бір бөлігі немесе 185 349-ы – осы өңір тұрғындары. Бүгінде облыста 7278 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Наурызнама аясындағы «Қайы­рымдылық» күні өңірдегі барлық аудан, қалада қолдауға мұқтаж көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға көмек көрсетілді.

Талбесік • 22 Наурыз, 2025

Ағаш біткен көктемде жайқалады

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық іс-шарасы жоспарланған. Оның ішінде көктемгі ағаш егу, көгалдандыру, тазалау жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Нақтылай айтсақ, қала мен ауыл көшелерін тазалауға 739 арнайы техника жұмылдырылып, 129 672 тұрғын белсенділік танытты. Нәтижесінде, 201 375 көшет отырғызылып, 2 709 тонна қоқыс шығарылды.

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025

Батыр ана, бақытты әже

Тағдырдың тартуы солай болған шығар, ол арқа сүйер азаматынан ерте айырылды. Шиеттей он баламен жалғыз қалған Мейізкүл Мұздыбаева белін бекем буып, өзі еркек, өзі әйел болып әрекет етуден басқа амалы қалмағанын түсінді. Ол кезде кенжесі – небәрі бір жаста еді.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2025

Шаһарды еңселендіретін ерекше мәртебе

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойған күнді өңір халқы ел тарихындағы маңызды оқиға ретінде бағалап отыр. Осылайша, Түркістан жаңа даму белесіне қадам басты. Қала тарихи-мәдени, экономикалық және туристік әлеуетінің деңгейін одан әрі көтереді. Яғни Ұлы Жібек жолының жүрегінде орналасқан Түркістан енді заңнамалық тұрғыдан қолдауға ие болып, ерекше басқару жүйесімен өркендей түспек. Әсіресе облыс тұрғындары бұл шешімді еліміздің тарихи құндылықтарына деген құрмет пен ұлттық жаңғырудың айқын белгісі деп қабылдады.

Оқиға • 28 Ақпан, 2025

Түркиялық медиа компания Түркістан туралы кино түсіреді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркия мемлекетінің «Albayrak Media Group» компаниясының өкілі және «Yeni Şafak» газетінің халықаралық бөлімінің директоры Өмер Кабланмен кездесті. Тараптар Түркістан өңірін әлемдік деңгейде таныту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын кеңінен талқылады.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 26 Ақпан, 2025

Жұмысшы мамандар: сұранысқа қарай ұсыныс

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Түркістан облысында еңбекке қабілетті адам саны 800 мыңнан асады. Оның 200 мыңнан астамы – жұмысшы. Бүгінде облыстағы жұмыс берушілерден 3 600-дей жұмысшы мамандыққа қажеттілік анықталған. Бұл орайда колледждерге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс осы қажеттілікке қарай реттеледі, қажетті мамандар еңбек нарығының сұранысына қарай даярланады.

Өнер • 25 Ақпан, 2025

Түркістан «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуы мүмкін

Өткен жылы Дүниежүзілік қолөнер кеңесі ұйымының 31 мүшесі Түркістан қаласына арнайы келіп, жергілікті қолөнершілердің жұмысына жоғары баға берген болатын. Осы орайда Түркістан қаласы «World Craft Council» халықаралық ұйымына мүше болуға өтінім берген.