Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
127 материал табылды

Өнер • 22 Наурыз, 2025

Қолөнер қазынасы сақталған мекен

Шулы қаланың беймаза тірлігінен бір сәт бой сергітіп, Алма-арасан шатқалын бетке алдық. Тау баурайындағы жетпіске жуық түтіні бар аядай мекен «Шеберлер ауылы» деп аталады. Бағзыдан қалған баба мұрасын бүгінге жалғап, темірден түйін түйген ұсталар, ағаш пен тері шеберлері тұрады мұнда. Шаруасы шалқып жатпаса да, атакәсіптің алтын арқауын үзбеген азаматтар ұлттық құндылық­та­рымыздың шынайы жанашырлары.

Құқық • 21 Наурыз, 2025

Қоғамды алға жетелейтін құқықтық сауат

«Үйде бақытты адам, әлемде бақытты» депті Л.Толстой. Мағынасын тарқатуды қажет етпейтін бірауыз сөздің өзегінде өмір шындығы жатыр. Бақытты қоғам бақытты отбасылардан құралады. Ал сол бақытты өмірдің баспалдағы өзара сыйластық пен үйлесім салтанат құрған, заңға да, арға да сүйенетін азаматтардың таным-түсінігімен берік. Құқықтық сауатың болмаса, күрмеуі көп күрделі мәселеге күн сайын тап болуың мүмкін. Бүгінгі күннің бедерінде отбасындағы құқықтық сауат қоғамның рухани сауатын арттыратын маңызды құралға айналып отыр.

Форум • 17 Наурыз, 2025

Алматыда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» форумы өтті

Мемлекеттік орталық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» ІІІ Халықаралық ғылыми форумы өтті.

Еңбек • 13 Наурыз, 2025

Білікті маман – ұжымның беделі

Жаны нәзік демесеңіз, әйел баласы қоғамның қай саласында да ерлермен иық тірестіре еңбек етіп келеді. Темірдей тәртіп орнаған мекемеге жып-жылы шуақ сыйлап жүретін де солар. Айналамызда мұн­дай қайсар ханымдар аз емес. Ұзақ жыл бойы кеден саласында табысты еңбек етіп жүрген Бибігүл Тұрысбекқызының өмір өне­гесі сан сынақтан сүрінбей өтіп, жігері мұқалмаған қайратты жанның жарқын үлгісін көз алдымызға әкеледі.

Көрме • 13 Наурыз, 2025

Баба мұрасын барлаған

Мемлекеттік орта­лық музейде жараты­лыстанушы ғалым Мағрипа Жылқы­баева­­­­­­­ның 80 жыл­­дық ме­рей­­­­­­­тойы­на арнал­ған­ «Алтын адам­ның мұра­сы» атты та­ным­дық көрме ашылды.

Білім • 07 Наурыз, 2025

Білім ордасының меншігі қашан қайтарылады?

Елімізде әлдекімдердің иелігіне дүдәмал күйде өтіп кеткен мемлекет меншігін қайтару ісі жалғасып жатыр. Талапайға түскен нысандардың айналасында даулы мәселелер аз емес. Алматыда өткен «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды.

Тағзым • 07 Наурыз, 2025

Байғаниннің баянды құбылысы

Биыл көрнекті ақын Нұрпейіс Байғаниннің туғанына – 165 жыл. Осыған орай Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Ер туралы жыр» деп аталған мәдени-танымдық іс-шара өтіп, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ақынның шығармашылық мұрасы ардақталды.

Көрме • 05 Наурыз, 2025

Мағрипа Жылқыбаева мұрасына арналған көрме ашылды

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде жаратылыстанушы ғалым Мағрипа Жылқыбаеваның 80 жылдық мерейтойына арналған «Алтын адамның мұрасы» атты танымдық көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Цифрлық журналистикадағы сын мен сапа

Алматыда «Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика: жергілікті сын-қатерлер мен жаһандық трендтер» атты дөңгелек үстел өтті. Өзекті тақырыптарды қамтыған іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі, Narxoz университеті, БҰҰ-ның Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі, Орталық Азия-Қытай журналистік зерттеулер қауымдастығы бірлесе ұйымдастырды.

Саясат • 04 Наурыз, 2025

Жаһандық қарым-қатынастың ортақ алаңы

Біріккен Ұлттар Ұйымының мерейлі жылы аясында ықпалды құрылымның жүріп өткен жолына шолу жасап, алдағы болашағын саралауға бағытталған ауқымды іс-шаралар басталып кетті. Соның бірі – Алматыда өткен «Бейбітшілік пен жасампаздық жолындағы ынтымақтастық: Қазақстанның БҰҰ-ның құрамына кіруінің 33 жылдығы және БҰҰ-ның 80 жылдығы» атты ғылыми-практикалық конференция.