Референдум • Бүгін, 09:35

Белсенді белес басталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда республикалық референдум қарсаңында Тәуелсіз байқаушылар ақпараттық штабының екінші брифингі өтті. Штаб дауыс беру кезеңіндегі жұмысты үйлестіру және қоғамды жедел ақпараттандыру мақсатында құрылған.

Белсенді белес басталды

Брифинг барысында қатысу­шылар штаб жұмысының белсенді кезеңі басталғанын айтты. Ақпараттық алаң 14 наурыздан бастап жұмыс істеп, референдум өтетін күні бойы және дауыс беру қорытындылары толық жарияланғанға дейін қызметін жалғастырады.

Ұйымдастырушылардың ай­туынша, штабтың негізгі мін­деті – азаматтар мен бұқара­лық ақпарат құралдарын дауыс беру барысы туралы жедел әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар жалған мәліметтер мен фейк ақпараттардың таралуының алдын алу үшін ақпараттың дәйектілігін тексеруге ерекше назар аударылмақ.

Штаб жұмысының тікелей трансляциялары Independ.kz YouTube арнасында көрсетіледі. Ал жедел жаңалықтар мен анонстар Алматы қаласының Қоғамдық коммуни­ка­циялар орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады.

Брифингте тәуелсіз бақы­лаушылар коалициясының құрамы да таныстырылды. Оның құрамына Алматы қаласын­да 2,5 мыңнан астам тәуелсіз бақылаушыны біріктіретін алты үкіметтік емес ұйым кірген. Рефе­­рендум күні Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сон­дай-ақ еліміздің оннан астам өңірі­­­нен тікелей қосылымдар ұйым­дас­тыру жоспарланып отыр. Бұл дауыс беру барысы туралы жедел әрі то­лық ақпарат таратуға мүмкіндік береді.

Брифингке қатысушылар азаматтарды референдум кезеңінде ақпаратқа жауапкершілікпен қарауға, арандатушылыққа ермеуге және тек сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырды. Сондай-ақ азаматтардың дауыс беруге қатысуы демократиялық үдерістердің ма­ңызды бөлігі екені атап өтілді.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Өңделген өнім үлесі артып келеді

Экономика • Бүгін, 10:00

Көк паспорттың қадірі

Қазақстан • Бүгін, 09:50