
Сұхбат • 10 Сәуір, 2025
Болат ТІЛЕП: Педагогикалық оқу орындарының мектеппен байланысын күшейту керек
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті республикада педагогикалық кадрлар даярлаудың ұстаханасы ғана емес, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік қолдау орталығы саналады. Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеппен сапалы білім, жаңа формациядағы мұғалім, білікті маман әзірлеу мүмкіндіктері туралы сұхбаттасқан едік.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 09 Сәуір, 2025
Өңірлік мамандар орталығы қажет
Биыл еліміздегі Жұмысшы мамандықтары жылы аясында кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялау бойынша ілкімді жобалар қолға алынды. Нарықтағы сұранысқа ие кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемі 150 мыңға ұлғайды. Мәселен, оның 70 пайызы IT, көлік, энергетика, машина жасау, құрылыс секілді техникалық мамандыққа бағытталып отыр.
Шаруашылық • 04 Сәуір, 2025
Агроөнеркәсіпті дамытатын орталық
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған Қазақстан – Ресей озық технологиялар орталығы ашылды.
Қоғам • 29 Наурыз, 2025
Биыл ҚазКСР халық әртісі, этнограф-ғалым, композитор Александр Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының жарыққа шыққанына – 100 жыл.
Алматы • 27 Наурыз, 2025
Наурыз мейрамында қаланың 8 ауданында мыңнан астам оқушы республикалық акцияға қатысып, бір мезетте домбырамен күй тартты.
Тағзым • 26 Наурыз, 2025
Затаевич мұрасына арналған құнды еңбек жарық көрді
Биыл Қазақстанның Халық әртісі, этнограф-ғалым, композитор Александр Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының жарыққа шыққанына 100 жыл толды. Ғалымның еңбектерін насихаттау, зерттеу мен зерделеу нәтижесі тағы бір еңбек аясына топтастырылып, «ХХ-ХХІ ғасырлардың құндылығы мен маңыздылық кеңістігіндегі А.В.Затаевичтің мұрасы: ғылым – мәдениет – қоғам» кітабы көпшілікке таныстырылды.
Мереке • 22 Наурыз, 2025
Кеше Алматы нағыз көктем мерекесінің орталығына айналды десе болғандай. Көктемнің шуағына оранған қала Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен тойлады. Мерекелік алаңдар мегаполистің түкпір-түкпірінде қылаң ұрып жатты. Қаланы шаттық құшағына бөлегендей. Дәстүр бойынша басты концерт Астана алаңында өтті. Таңсәріден бері мұнда мерекелік көңіл күй орнап, ынтымақ пен бірліктің көрінісі атой салды.
Мәселе • 20 Наурыз, 2025
Қазақ тіліндегі оқулықтар тапшы
Кейінгі жылдары еліміздегі жоғары оқу орындары кітапханаларының жұмысы автоматтандырылып, кітап қоры жаңа дүниелермен толықты. Мәселен, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде қазақ тіліне аударылған басылымдар студенттерге қолжетімді. Дегенмен күн сайын өзгеріп жатқан жаңа технология кезеңінде, әсіресе техникалық бағыттағы мамандықта оқитын студенттерге ана тіліміздегі заманауи оқулықтар тапшы болып отыр.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Наурыз, 2025
Кейінгі жылдары кәсіптік-техникалық колледждер білім бағдарламаларын өндіріске бағыттап, кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге басымдық бере бастады. Заманауи инновциялық шешімдердің жылдам өзгеруі өндіріспен ынтымақтасты тұрақты күшейтіп отыру. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында кәсіби мамандар даярлау үшін еліміздің оқу орындары ғана емес, шетелдің де компанияларымен бірлескен келісімді қарастырып жатыр.
Архив • 13 Наурыз, 2025
Дала мәдениетіндегі әйел тағдыры
Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві «Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі» атты дөңгелек үстел мәслихатын өткізді.