Digital • Кеше

Әуенмен емдейтін нейрожүйе

60 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыдағы әлеуметтік «Мейірім» оңалту орталығында «NeuHarmony» – B2B модулі жабық платформасы қанатқақты жоба ретінде іске асып жатыр. Бұл
аутизм спектрлі бұзылысы бар балаларды нейротәсілдер, сондай-ақ музыкалық тера­пия және жасанды интеллект көмегімен емдеу мақсатында әзірленген.

Әуенмен емдейтін нейрожүйе

«NeuHarmony»-де аутизм спектрлі бұзы­лысы бар балалар үшін онлайн-диагностика қарастырылған. Тек­се­руден өткеннен кейін жүйеде жеке бағ­дарланған 6 апталық музыкалық-тера­певтикалық кезең белгіленеді. Бұл қыз­метті нейробұзылысы бар балалар әлеуметтік-оңалту орталықтарға беріл­ген жылдық пакет ая­сында қолдана алады. Плат­фор­ма­­да жекелеген білім беру құ­­рал­дары бала­­лардың тұр­ғы­лықты же­ріне, әлеуметтік жағдайына қара­мас­тан қол­жетімді.

Стартап жетекшісі-фаундер, К.Бай­сейітова атындағы республикалық музыкалық мектептің түлегі – Камиля Мұхаметқалиева. Ол оқушы кезінен бас­тап әлеуметтік жобаларды іске асыруға ынталы болған. Осы мақсатына жету үшін әлеуметтік желілерді қарым-қатынас құралы ғана емес, әртүрлі бэкграундтағы және өзгеріске талпынатын­дарды біріктіру құралы ре­тінде қолданғанын айтады. Жобаның басталуы өз денсаулығыммен байланысты болды, дейді фаундер. Бес жасынан бастап күйсандықта ойнап, болашақта үлкен залдарда концерт беруді армандаған Камиляның есейе келе сол құлағы бітеліп қалатын болған. «Мұндай жағдайда менің музыкамен айналысуым мүмкін болмады. Одан шығар жолды іздестіре жүріп, «Ayala» әлеуметтік орталығына келдім. Мұнда нейродивергентті балаларды музыкаға баулыған әр сәтім зор қуаныш сыйлады. Өйткені музыкалық терапия­дан өткен балалардың дамуын­да бірте-бірте айтарлықтай өзгерістер байқалды. Сол кезде жеке әдістемемді құ­рас­тыруды ойластыра бас­тадым. Осылайша, коман­далық жұмыс нәти­же­сін­де инклюзивті отбасыларды қолдау және балалардың әлеуетін ашу үшін нев­рология, жасанды интеллект және музыка терапиясын біріктіріп, «NeuHarmony» стартапын әзірледік», деді ол.

аа

Команда «Technovation» байқауы барысында құрылған. Қазірде плат­фор­маның ғылымилығына Камиля Мұхаметқалиева жауапты болса, менедж­мент ассистенті, «Достық» мектебінің, музы­­калық мектептің түлегі – Толғанай Мұхтар. Ивент және әріптестік менеджері Нұрдана Қожаханова. Ол Алматыдағы химия-билогия бағытындағы НЗМ, балалар музыка мектебінің түлегі. Маркетинг директоры, химия-билогия бағытындағы НЗМ оқушысы – Әсем Бейсенбай. CMO ассистенті Жібек Әлімхан мен зерттеу бағытының жетекшісі Анзия Теметай физика-математика бағытындағы НЗМ оқушысы. Ал Астанадағы НЗМ IB оқушысы Әлібек Қызылбаев техникалық жүйеге, сайтқа жауап береді.

Жас ғалымдар стартап идеясын әзірлеп, цифрландыру әдістемесін «Technovation» халықаралық бағдар­ла­масы аясында жасады. «Стартапты енгізбестен бұрын инклюзия және музыкалық терапия саласы сарапшыларымен 20-дан астам, сондай-ақ «Technovation» менторы Камила Ролан, Нариман Амантаевпен кеңестік. Осы әдісте көп жылдық тәжірибесі бар канадалық Дима Тахбубпен байланыс орнаттық. Кәсіби маман бұл стартаптың тиімділігіне назар аударды. Ғылыми жұмысты дайындау барысында нейропластика және когнитивті дамудағы рөлі, ұсақ және ірі моториканың дамуы, қол қимылына әсер ететін дауылпаз, клавишті-ұрмалы инструменттер, нейрожүйесі әртүрлі бала­лар­­дың назары мен көңіл күйін реттеуге музыканың әсеріне қатысты 50-ден аса ғылыми публикацияларға шолу жасалды. Бұл ізденістер тексерілген ғылыми дерек­терді тәжірибемен ұштас­ты­ру­ға және нақты жағдайда жұмыс істейтін әдістемені әзірлеуге ықпал етті», дейді Камиля.

Жас ғалымдар жобаға кіріспестен бұрын ата-аналар арасында сауалнама жүр­гізген. Нәтижесінде, ата-ана­лар­дың 70 пайызы балаларын жеке терапияларға апаруға мүмкіндігі жоқ екенін, ал 85 па­йызы жекелеген емге мұқ­таж­дығын, ал 92 пайызы онлайн-плат­формалардың қол­жетімсіздігін айтқан.

«NeuHarmony» әдіс­те­месі нейро­плас­тикалық-когни­тив­ті нейроғылым мен музы­­ка­лық терапияға негізделген. Жүйелі музы­ка­лық сабақтар әсіресе, пре­фронтальды қабатта бала­ның назарына жа­уап беретін есте сақтау мен ког­нитивті икемділігіне, жаңа нейронды байланысын бел­сендіруге ықпал етеді. Ауди­торлық-моторлық интеграция фортепианода ойнағанда қимылдың дәлдігі мен үйлесімін жақсарта отырып, мидың есту және қозғалым орталықтарын бел­сендіріп, синхрондайды. Музыкалық белсенділік пен ритм дофаминді қалыпқа кел­тіріп, қозғалысын бақы­лау мен зейінін жақсар­тады. 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар