Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
2010 материал табылды

Абай • 12 Тамыз, 2025

Тұтастықты тұғырландыратын бастама

Ұлы Абайдың тойын маңғыстау­лық­тар айрықша атап өтті. Семей жеріне аттанған делегация тойға шашу ретінде әрі Президент тап­сыр­­масын орындау мақсатында Дос­тық үйін салып беретінін жария етті. Ақынның мерейтойына ар­налған іс-шара аясында нысанның ірге­тасын қалау рәсімі де ұмыт қалмады.

Форум • 08 Тамыз, 2025

Этномедиация: татулық пен үйлесім

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақтау қаласында «ҚХА-ға 30 жыл: бірлік пен келісім» атты республикалық этномедиаторлар форумында ұлттар татулығын сақтау, ел ішінде іріткі туғызбау, оның алдын алу тұрғысындағы атқарған жұмыстарын ортаға салып, алдағы жоспарларын талқылады.

«Таза Қазақстан» • 02 Тамыз, 2025

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

Маңғыстау өңірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық тазалық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Тазалық жұмыстары, әсіресе туристер көп жазғы мезгілде маңызды әрі қауырт болып тұр.

Басылым • 31 Шілде, 2025

«VIAJAR» бейнелеген Маңғыстау

Маңғыстаудың турис­тік орындары ту­ралы материал көрік­ті сурет­терімен Испа­ния­ның «VIAJAR» атты та­нымал журналында жарық көрді.

Энергетика • 30 Шілде, 2025

Жарық пен жылу жүйесі қашан жақсарады?

Маңғыстау облысында, Ақтау қаласында ауызсуға, электр энер­гиясына, қыста жылуға қатысты мәселелер жиі орын алады. Тұрғындардың үнемі наразылығы мен ренішін туындатып, күн­де­лікті тұрмыс-тіршілігінде айтарлықтай келеңсіздікке килік­­тіретін бұл мәселелердің шешімін табуы да созыла береді.

Құрылыс • 29 Шілде, 2025

Маңғыстауда қос жаңа зауыт салынады

Өндірістік нысандардың көптеп салынуы елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартып, жұмыссыздық мәселесін де шешеді. Жуырда Маңғыстау облысы әкімдігінің баспаөз қызметі өңірде қос өндіріс ошағы – сұйытылған табиғи газ және метанол өндіретін зауыттар салынатынын хабарлады.

Аймақтар • 26 Шілде, 2025

Жаңаөзендегі тұңғыш мұзайдыны кешені

Мұнайлы қалада ашыл­ған бұл кешен – тек Жаңаөзен емес, Маң­ғыстау өңіріндегі ізашар жоба. Құрылысы жергілікті бюджет есебінен 2023 жылы бас­талып, 2024 жылы толық пайдалануға берілді.

Аймақтар • 26 Шілде, 2025

Маңғыстауда қиыршық тасты заңсыз өндіретін карьерлерге шектеулер енгізіледі

Шетпеліктердің ауыл маңындағы карьерлерге қатысты жанайқайы біраз жылдан бері тынған емес. Бұл туралы 2020 жылы 24 қыркүйекте «Еgemen Qazaqstan» газе­тінде «Шетпеліктер неге шырылдап жүр?» деген мақала жария­лаған едік. Одан бері де бақандай бес жыл өтті – Шетпеде қан­ша карьер қанша рет шаңнан дауыл тұрғызып, тұрғындар қан­ша рет дабыл қақты екен?

Өнер • 22 Шілде, 2025

Қылқалам шеберлері – Маңғыстауда

Маңғыстауда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында суретшілер мен мүсіншілердің халықаралық симпозиумы басталды.

Айтыс • 19 Шілде, 2025

Ақтауды асқақтатқан аламан

«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында өңірде бірнеше іс-шара өтті. Оның бірі – халықаралық Түркі жас қаламгерлері фестивалі болса, екіншісі – «Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі» атты республикалық командалық айтыстың ақтық сайысы.