Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Ақтауда қазақ өнері мен әдет-ғұрыпы насихатталды
Ақтаудағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының алаңында «Қазақ өнері мен әдет-ғұрып фестивалі – Ұмытылмас өнер» мәдени іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жеткен
Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жетіп, толыққанды жөндеуді қажет етеді. Инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейінің жоғары болуы салдарынан жыл сайын қалада шамамен 1500-ге жуық апаттық жағдай тіркеліп отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сумен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге елеулі кері әсерін тигізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маман • 18 Қазан, 2025
Адам жанына араша болып, қауіп-қатердің ортасында жүру — екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс, ол үлкен жанкештілікті талап етеді. Сондай мамандықтардың бірі — құтқарушы. Қиын, бірақ күнделікті тұрмыста қажетті мамандықты таңдаған жас – Ақтілеу Иманәлі. Ақтаулық жас жігіт Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «төтенше жағдайлардан қорғау» мамандығы бойынша білім алып жүр.
Қоғам • 11 Қазан, 2025
Саланы дамытуда инфрақұрылымның маңызы зор
Туризм және спорт министрлігі Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Mangystau International Tourism Forum халықаралық туризм форумын Ақтау қаласында ұйымдастырды. Өңірдің туристік, инвестициялық әлеуетін таныстыру, Орталық Азиядағы туризмді дамыту келешегін талқылау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатындағы келелі кеңеске ТҮРКСОЙ, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) сынды халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдар мен бизнестің өкілдері, инвесторлар, сарапшылар қатысты.
Қоғам • 11 Қазан, 2025
Маңғыстау туризм колледжінің студенті Сұлтанбек Рахатұлы шұбатты жаңа тәсілмен өңдеп, заманауи нарыққа бейімдеді. Жас өнертапқыш бұл жобаны жетекшісі Ұлпан Ілесқызымен бірлесіп жүзеге асырды.
Ұстаз • 03 Қазан, 2025
Өз саласында мемлекеттік марапатқа лайықты, бірақ өз бағасын алуға кешігіңкіреп жүргендей көрінетін бір жан бар еді Маңғыстауда. Ол – тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы төл оқулықты құрастырған математик ұстаз, бүгінде ардагер-зейнеткер Қуантқан Ванов. Математика маманының қазақ тілі, оның емлесі, әліпби мәселесімен айналысып, өзінің тың ойларын құзырлы орындар назарына ұсынып жүргеніне де біраз жыл болды.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Қосалқы станса энергия тапшылығынан құтқарады
Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында өңірлік электртораптық компаниясының жаңа қосалқы стансасы ашылды. Қосалқы станса 10 мыңға жуық тұрғыны бар, облыс орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан ауылды электр энергиясымен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.
Экология • 26 Қыркүйек, 2025
Улы көлдің қаупінен қашан арыламыз?
Маңғыстау облысында радиоактивті қалдықтар көмілгендіктен, қоршаған ортаға қауіпті, тұрғындар денсаулығына зиянды аумақ бар. Халық аузында «улы көл» атанған Қошқар атаның қалай, қашан пайда болғандығы, оны тұмшалау, зарарсыздандыру бағытында қолға алынған жұмыс пен бөлінген қаржы туралы бұған дейінгі мақалаларда бірнеше рет айтылғандықтан, қайталай беруді артық санаймыз.
Өндіріс • 23 Қыркүйек, 2025
«Ақтау Агро» серіктестігінде асылтұқымды құс өсіруге арналған кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Жобаға «Аграрлық несие корпорациясы» мен құрылтайшылар қаражаты бөлінген. Фабрикада инкубатор, құс өсіру алаңдары, құс сою цехы, құрамажем зауыты қарастырылған.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
Өңір әлеуетін тиімді пайдалану маңызды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларды талқылауға арналған актив отырысы өтті.