Туынды «Mazmundama» баспасының «Ол кім?» жобасы бойынша жазылған. Автор бұл шығарма арқылы жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, абыз тұлға Әбіш Кекілбайұлының өмір жолын қазіргі оқырманға жаңаша стильде таныстыруды мақсат еткен.
Кітап авторының айтуынша, бұл еңбектің басты ерекшелігі – күрделі дүниені қарапайым тілмен, терең мазмұнды қолжетімді форматта жеткізу болған. Жазу барысында автор тұлғаның өмірін, адами болмысын және азаматтық қалыптасу жолын көрсеткен.
Жаңа кітап – оқушыларға ұлы тұлға туралы түсінікті ақпарат береді, студенттерге зерттеу мен шығармашылық ойлауға бағыт береді, мұғалімдерге оқу үдерісіне қосымша материал болмақ.
Туындының негізгі мақсаты – Әбіштің балалықтан даналыққа дейінгі жолын шынайы көрсету; жас ұрпаққа табандылық пен ізденістің өлшеусіз құнын түсіндіру; ұлттық IQ мен EQ-ді бірге көтеретін тұлғалық модель ұсыну.
– Бұл еңбегімді ұлтқа қажет, ұрпаққа керек дүние деп сенемін. Кітапты өзіңіз үшін, балаларыңыз үшін баспадан сатып алып оқуға болады, – дейді кітаптың авторы Бақтыбай Жайлау.
Маңғыстау облысы