Білім • 19 Қазан, 2021
Маңғыстау өңірінде халық санының артуы білім саласына өзіндік салмақ түсірді. Бүгінде 545 білім беру нысанында 21 мыңнан астам ұстаз 252 мыңнан астам оқушыға білім беріп, ел болашағын тәрбиелеуге үлес қосып жүр. Биылғы оқу жылында мыңға тарта жас маман ұстаздар қатарын толықтырған.
Оқиға • 14 Қазан, 2021
Ауадан су жинайтын құрылғы жасады
Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ерлан Тұралы мен физика пәнінің мұғалімі Лизавета Хамитова бірлесе жасаған Hydropanel жобасы авторлық құқыққа ие болды. Бұл қондырғы – Маңғыстау облысындағы ауызсу қажеттілігін жоюға көмекші құрал.
Аймақтар • 14 Қазан, 2021
Қордаланған мәселелерге қозғау салынбақ
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңірдегі құрылыс индустриясының дамуы талқыланған жиын өтіп, оған облыстағы құрылыс компанияларының басшылары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Кездесуде өңірдегі бірқатар маңызды мәселені шешу жолдары қарастырылды және тиісті орындарға тапсырма жүктелді.
Аймақтар • 14 Қазан, 2021
Су тұщыту зауытының құрылысы басталды
Ақтауда ауыз су мәселесін шешудің тиімді жолдарын қарастырып, өздеріне ұнаған ұсыныс-жобаларын құзырлы орындарға ұсынушылар жоқ емес. Жуырда Маңғыстау облысында сапарда болған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жергілікті әкімдікке аталған мәселені шешуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жергілікті атқарушы органдар өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесімен айналысуда. Жақында облыс әкімдігіне бірқатар кәсіпкер хабарласып, жеке инвестиция есебінен су тұщыту зауытын салуға ұсыныс жасады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 11 Қазан, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жаңаөзен қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстыру мақсатында қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз-туры өткізілді.
Аймақтар • 07 Қазан, 2021
Шетпеде ұн шығаратын цех ашылды
Өңірлерде, әсіресе, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуы – жаңалық. Бұл халық тұрмысына қажетті нәрсе өндіру арқылы ел экономикасын арттыруға үлес қосамын деген мақсатты ұстанса – қуаныш.
Қазақстан • 06 Қазан, 2021
Украинадағы «Қазақ бұрышын» жаңғыртып қайтты
Маңғыстаулықтар ізгі сапармен Украина елінде болды. Өңір басшысы Н.Ноғаевтың тапсырмасымен, Қазақстанның Украинадағы елшісі Д.Кәлетаевтың шақыруымен Т. Шевченко мемлекеттік музей-қорығындағы «Қазақ бұрышын» қалпына келтіріп, жыл сайын өтетін lX халықаралық Шевченко оқуларына қатысу үшін Канев қаласына сапар төрт күнге созылды.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021
Ауыл шаруашылығына мән беріле бастады
Биыл Маңғыстауда орын алған қуаңшылық өңірде ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы саласына жете назар аударуды күн тәртібіне шығарды. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі малға қажетті құдық қазуға қосымша субсидия бөлу мүмкіндігін қарастыруда.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021
Көтерме-тарату орталығы мен коммуналдық базар салынады
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа коммуналдық базар мен көтерме-тарату орталығының құрылыс жобалары таныстырылды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл нысанда жергілікті ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне тегін сауда орындары ұсынылады. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін бағаны тұрақтандыруға оң әсер етпек.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021
Ауыз су өндірісіне мемлекеттік қызметшілер жауапты
Маңғыстау өңірінде ауыз су мәселесі – жылдар бойғы жыр. Тұрғындар саны артқан сайын мәселе қордаланып, жылдан жылға ысырылған сүр сипатқа енді.