Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
2003 материал табылды

Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021

Ауыл шаруашылығына мән беріле бастады

Биыл Маңғыстауда орын алған қуаңшылық өңірде ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы саласына жете назар аударуды күн тәртібіне шығарды. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі малға қажетті құдық қазуға қосымша субсидия бөлу мүмкіндігін қарастыруда.

Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021

Көтерме-тарату орталығы мен коммуналдық базар салынады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа коммуналдық базар мен көтерме-тарату орталығының құрылыс жобалары таныстырылды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл нысанда жергілікті ауыл шаруа­шылығы өнімін өндірушілеріне тегін сауда орындары ұсыны­ла­ды. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін бағаны тұрақтандыруға оң әсер етпек.

Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021

Ауыз су өндірісіне мемлекеттік қызметшілер жауапты

Маңғыстау өңірінде ауыз су мәселесі – жылдар бойғы жыр. Тұрғындар саны артқан сайын мәселе қордаланып, жылдан жылға ысырылған сүр сипатқа енді.

Туризм • 23 Қыркүйек, 2021

Ескерткіштермен тілдестірген ерекше сапар

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ар­нап республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті қолға алған «Ата­ме­кен» экс­пе­диция­сы Маңғыстау облы­сы­ның Маң­ғыстау ауданында ұйым­дас­тырылды.

Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2021

«Атамекен» экспедициясы Маңғыстау облысын аралады

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы  Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 16 Қыркүйек, 2021

Маңғыстау музейі көне жәдігермен толықты

200 жылдық тарихы бар бұл жәдігерді Маңғыстау музейіне белгілі археолог табыстады. Маңғыстау даласынан көненің көзін іздеп, талай тың жаңалықтарды ортаға салған танымал археолог Андрей Астафьев осыдан екі ғасырдан астам уақыт бұрын Каспий теңізінде жүрген кеменің бекіткіш бұрандалары мен шегелерін тауып алды. Тарихи жәдігер Түпқараған ­ауданына қарасты «Түлкілі сай» жеріндегі теңіз жағалауында көміліп жатқан.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2021

Мал шаруашылығына – қаржылай қолдау

Бүгінгі таңға дейін Маңғыстау облысында 600 ірі шаруа қожалығы мен 6 мыңға жуық жеке үй қожалықтарына қаржылай қолдау көрсетілді, дейді Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021

Су тұщыту зауытының құрылысы басталады

Маңғыстауда ауыз су мәселесі жылдар бойы өзекті күйінде қалып келеді, тіпті тұрғындар саны артқан сайын мәселе қордалана түсті деуге болады. Мәселені  шұғыл шешу қажеттігі күн тәртібіне шыққалы аз болған жоқ.

Экология • 15 Қыркүйек, 2021

Бұлақтардың көзін ашады

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Дәурен Түркпенбаев пен география пәнінің мұғалімі Біржан Жұмашев, тарих пәнінің мұғалімі Армат Дүйсалиев «Туған елге тағзым» зерттеушілік экспедициясы аясында Маңғыстаудың ұмытылған бұлақ көздерін іздеуге арналған шағын экспедицияға шықты.

Президент • 14 Қыркүйек, 2021

Өңір тынысын ашатын өркенді жобалар

Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бағыт­тары белгіленді. Мемлекет басшысы белгілеген бірін­ші міндет – пандемиядан кейінгі ел эко­номикасын дамыту. Бұл бағытта өңір экономикасын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыс істеліп, негізінен өңдеу өнеркәсібі, туризм, құрылыс, ауыл ша­руа­шылығы мен көлік және логистика сала­ларын дамытуға басымдық берілуде.