Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
2003 материал табылды

Референдум • 18 Мамыр, 2022

Қолдау білдірді

Ақтауда Кәсіподақтар феде­рациясының қолдауымен және «Маңғыстау облыс­тық кәсіподақтар орталы­ғы» аумақтық кәсіподақ­тар бір­лестігінің ұйымдас­тыруы­мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыру­лар­ды түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облысының мұнай сервистік кәсіпорындарының жұмыс берушілері мен жұмыскерлері онлайн форматта қатысты.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2022

Армия сарбазын қалай қорғайды?!

Елімізде әскерге кеткен соқталдай сарбаздардың, өндірдей өрімдердің айдың-күннің аманында өмірмен қош айтысып, үйіне мүрдесі оралатыны неліктен? Бұл – ұзақ жылдар бойы жауабы таптырмай келе жатқан сұрақ және әлі нақты тосқауыл қойылмаған қасірет.

Экология • 03 Мамыр, 2022

Итбалықтар неден қырылды?

Кеше ғана қоқиқаздар өлексесі табылған Маңғыстауда енді итбалықтар өлімтігі табылды. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті биыл 26 сәуірде әлеуметтік желілердегі ақпаратқа мониторинг жүргізу барысында, Каспий теңізінің жағалауында «Қаражанбас» кен орнының су бөгеті маңында итбалықтардың 50-ге жуық өлімтігі табылғаны туралы ақпаратты анықтайды.

Экология • 27 Сәуір, 2022

Құмда құрбан болған қоқиқаздар

Су көзі жоқ Сам құмында жергілікті жас тұрғын бес қоқиқаздың өлімтігін тауып алған. Қоқиқаздардың адамдар кесірінен емес, көші-қон барысында және ауа райы әсерінен өлгендігі айтылуда.

Қоғам • 27 Сәуір, 2022

Орындалмаған заң биліктің беделін түсірмей ме?

Маңғыстауда Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына қатысты даудың туындауы да, тиянақталуы да түсініксіз болып тұр. Халық пен билік арасында алтын көпір болуға тиіс Қоғамдық кеңеске тұрғындар тарапынан қызығушылық көп. Маңғыстауда биыл елге пайдам тисе, бір мәселені шешуге үлес қоссам деген үмітті арқалағандар соңғы сатыда дауға жолықты. Дау облыстық мәслихаттың іріктелген құрамды бекітпеуінен туын­дап отыр.

Қоғам • 30 Наурыз, 2022

Әйел қуаты

Қоғамның түрлі саласында ерекше табыстарға қол жеткізген және Қазақстанның атын асқақтатқан аналар өте көп. Олардың өмір жолдары талайға үлгі-өнеге.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2022

Ұлттық болмысқа ұмтылыс

Ұлы Наурыз мейрамына орай, дәлірек айтсақ Амал күні Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықта ашылған ұлттық нақышта безендірілген босану бөлмесі жұртшылықтың қызығушылығын тудырды.

Өнер • 02 Наурыз, 2022

Жезде мен балдыздың әдемі әлемі

Маңғыстау даласында қара жер қойнынан қара алтынды сапырып жүрген мұнайшылар арасында өнерге жаны құштар, рухани жан-дүниесі бай жандар аз емес. Мұнай ағынына сырлы өнермен үн қосқан жезделі-балдызды қос өнерпаз – Айжарық пен Сәкен.

Қоғам • 16 Ақпан, 2022

Айқайшылар шын мұқтаждың жолын кеспесін...

Маңғыстау мазасызданып тұр. Әртүрлі талап қойған, бейнеүндеу жариялаған, митингілеткен ұжымдар қарасы көп. Тіпті, халықтың өзі қайсысыныкі дұрыс, қайсысыныкі бұрыс екенін бағамдаудан қалғаны белгілі. Ел арасында «митингтің мәнін кетіріп алған жоқпыз ба?», «митингке шығады» дегенге шығатындар көбейіп кеткен сияқты» немесе «бізге тыныштық керек» дегендей күбір-күңкіл сөздер естіледі. Күбір мен күңкіл болатын себебі қаттырақ айтуға алып-ұшып жүрген көпшіліктен қорқады.

Білім • 15 Ақпан, 2022

Ақтауда медицина университетінің филиалы ашылды

Ақтауда жоғары оқу орны жоқтың қасы. Әсіресе дәрігер мамандығын меңгергісі келгендер Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына қарай бағыт түзейді. Бір жағы осы себептен де болар, Маңғыстауда дәрігер жетіспеушілігі жылдар бойы өзекті қалпында қалып келеді. Қазір Маңғыстау облысы дәрігерлердің тапшылығы жоғары өңірлер қатарына кіреді.