Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
2000 материал табылды

Референдум • 05 Маусым, 2022

Ақтаулық үшемдер референдумға қатысты

Ақтаулық Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс есімді үшемдер республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Референдум • 05 Маусым, 2022

Маңғыстау облысында инватакси тегін қызмет көрсетіп жатыр

Маңғыстау облысында 5 маусым күні 11 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Мұндай қызметті мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындары пайдалана алады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Референдум • 05 Маусым, 2022

Маңғыстау облысында 230-дан астам референдум учаскесі ашылды

Барлық учаске таңертең 7:00-де ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Аймақ тұрғындары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға 20:00-ге дейін қатыса алады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Маусым, 2022

Күркетауық өсіруді қолға алды

Маңғыстау ауданына қарасты Жармыш ауылының тұрғыны Мағауия Нұрғазиев құс өнімдерін өндіруді қолға алды.

Білім • 26 Мамыр, 2022

Балғындардың білім бәсекесі

Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылына орай Маңғыстау облысында балалар үшін бірқатар іс-шаралар белгіленген. Осы іс-шаралар аясында Маңғыстау облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының «РобоМаңғыстау» ашық чемпио­натының облыстық кезеңі түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды бала­ларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ғимаратында өткізілді.

Руханият • 24 Мамыр, 2022

«Жаһан-нама»: Сегіз ғасыр бойы ашылмаған сыр

Еліміздің руханият әлемінде үлкен жаңалық болды. Бұл – XIII ғасырда парсы тілінде жазылған Мұхаммед ибн Нажиб Бакранның «Жаһан-нама» кітабының тұңғыш рет қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, баспадан жарық көруі және тұсауы кесіліп оқырманға жол тартуы. Маңғыстаулық аудармашы ғалым, ағылшын, парсы тілдерінің маманы Нияз Тобыш аталған еңбекті қазақ және ағылшын тілдеріне аударуға ұзақ жылдарын арнады.

Экология • 18 Мамыр, 2022

Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?

Каспий теңізінің тағдыры, тазалығы – еліміздің шеңберінде ғана емес, халықаралық деңгейде де аса маңызды мәселе. Теңізді сақтау, флора-фаунасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы өткізілетін басқосулар да, қабылданатын құжаттар да көп.

Референдум • 18 Мамыр, 2022

Қолдау білдірді

Ақтауда Кәсіподақтар феде­рациясының қолдауымен және «Маңғыстау облыс­тық кәсіподақтар орталы­ғы» аумақтық кәсіподақ­тар бір­лестігінің ұйымдас­тыруы­мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыру­лар­ды түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облысының мұнай сервистік кәсіпорындарының жұмыс берушілері мен жұмыскерлері онлайн форматта қатысты.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2022

Армия сарбазын қалай қорғайды?!

Елімізде әскерге кеткен соқталдай сарбаздардың, өндірдей өрімдердің айдың-күннің аманында өмірмен қош айтысып, үйіне мүрдесі оралатыны неліктен? Бұл – ұзақ жылдар бойы жауабы таптырмай келе жатқан сұрақ және әлі нақты тосқауыл қойылмаған қасірет.

Экология • 03 Мамыр, 2022

Итбалықтар неден қырылды?

Кеше ғана қоқиқаздар өлексесі табылған Маңғыстауда енді итбалықтар өлімтігі табылды. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті биыл 26 сәуірде әлеуметтік желілердегі ақпаратқа мониторинг жүргізу барысында, Каспий теңізінің жағалауында «Қаражанбас» кен орнының су бөгеті маңында итбалықтардың 50-ге жуық өлімтігі табылғаны туралы ақпаратты анықтайды.