Бизнес • 22 Тамыз, 2022
Аграрлық несие корпорациясы АӨК субъектілерін қаржыландырудың жалпы көлемінің 40%-дан астамын несие серіктестіктері арқылы рәсімдейді. Ақтау қаласында АӨК несие серіктестіктерінің қауымдастығы мен Аграрлық несие корпорациясы Несие серіктестіктердің IV форумын ұйымдастырды.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2022
Бұралқы иттерді көбейткеннен не ұтамыз?
Ит пен мысық болсын, басқа да тіршілік иесінің себепсіз өлтірілуі – құптарлық іс емес. Елімізде жан-жануарларды асқан қатыгездікпен өлтірудің бірнеше фактісі кездесті. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның қабылдануына түрткі болған еді. Заңға сай жануарларды азаптағандарды түрлі жазаға тарту, мысалы, оларды мертіктіріп не өлтірген адамға 30 млн теңге көлемінде айыппұл салу немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2022
Су фонтандары – халықтың меншігі
Шуы көп Маңғыстауда суға қатысты кезекті дау туындады. Мұнайлы өңірде, көк теңіз жағасында отырып ауыз суға жарымайтын өлкеде суға қатысты дау-дамай бұрыннан бар. Бірақ бұл жолғы талас-тартыстың жөні де, жосығы да бөлек. Бұл шу айдаладағы фонтан басынан шықты. Нарықтың қиын кезінде күнелтудің қыспағына түскен байырғы тұрғындар малының ізін жоғалтпай, кеңшарлардан қалған құдықтар мен фонтандар төңірегінде бала-шағасының нәпақасын айырып, қалаға жөңкіле көшіп үйсіздер мен жұмыссыздар санын арттырмай, шаруашылығын шалқыта дамытып отыр. Шуға себеп – фонтанға кенеттен «UNDERGROUND WATER» (Жерасты сулары) ЖШС-ның килігуі еді.
Аймақтар • 31 Шілде, 2022
Ақтауда түн ортасында басталған жаңбыр ертесіне түске дейін тоқтаусыз жауып, шөл мен аптап ыстықтан арса-арса болған тал, өсімдік біткен жаңара бір жасап қалды. Тұрғындардың қуанышы өз алдына. Бірақ Ақтау көшелерінің телегей суға кетуі, сондай-ақ кейбір үй төбелерінен ішке су ағуы тұрғындарды біраз әбігерге салды.
Қоғам • 29 Шілде, 2022
Жолаушы тағдыры – жүргізушіге аманат
Қиыр-қиыр бағыттарға асыққан шиыр-шиыр жол көп. Жол қанша көп болса да, жол үстінде бір-бірімен жарыса алға ұмтылып, шартарапқа жөңкілген көліктер легі толас таппайды. Жол бойында оқыс оқиғалар көбейіп барады.
Қазақстан • 28 Шілде, 2022
VIII армия халықаралық ойындарына қатысады
Әскери қызметшілер Әзербайжан астанасы Бакуде АрХО аясында өтетін «Теңіз кубогы – 2022» кемелер экипаждарының конкурсына қатысу үшін дайындалуда.
Аймақтар • 22 Шілде, 2022
Өңірлердің дербестігі кеңейтілгені жөн
Маңғыстау облысында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиын барысында жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы талқыланды. Маңғыстау облысында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиын барысында жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы талқыланды.
Аймақтар • 19 Шілде, 2022
Елордада «Қазақ аналары – Дәстүрге жол!» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен I республикалық «Абысын-ажын» байқауы өтті. Қазақы ділімізге жақын салт-дәстүр, туысқандық, әулет, отбасы өміріндегі әйел-ананың алар орны арқау болған сайыс биыл алғаш рет өткізіліп, оған республика бойынша 10 топ қатысқан. Аталған сайысқа Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының Жауыновтар шаңырағының 9 келіні енесімен бірге қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.
Аймақтар • 19 Шілде, 2022
Ақтауда көтерме-тарату орталығының құрылысы жүруде
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына арнайы жұмыс сапарымен келгенде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиында инфляция деңгейінің жоғары екенін, мұның азық-түлік тауарлары бағасының тез өсуіне әсері барын айтып, Ақтау қаласында коммуналдық және көтерме базарларды салуды тапсырған болатын.
Қоғам • 19 Шілде, 2022
Ақтауда халықаралық турнир аясында Naiza Sport Week қазақстандық күрес лигасының апталығы өтіп, лига аясында ашық жаттығулар, чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларының қатысуымен кездесулер, шеберлік сағаттары өтті. Турнирдің қызықты сәті теңіз жағалауында ұйымдастырылған Eagle FС және Naiza FC-ның бірлескен турнирі болды. Сол күні Ақтау қаласы ғана емес, бүкіл Маңғыстаудағы аудан-қалалардың ережесіз жекпе-жекке құмар жастары жан-жақтан ағылды. Сайысқа бұрынғы UFC чемпионы, ресейлік файтер, ережесіз жекпе-жектің жеңіліп көрмеген шебері Хабиб Нурмагомедовтің арнайы келуі жастардың қызығушылығын арттырса керек, 15 мыңдай адам жиналыпты.