Аймақтар • 17 Ақпан, 2023

Каспий жағасына келушілер көбейеді

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теңіз жағалауындағы Ақтау қаласы мен «жұм­бақ жайлап, аңыз өрген Маңғыстауға» қызығу­шылықпен келетін туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы жаз айларында шетелдік жиһанкездер мен саяхатшылар респуб­лика бойынша Ақтауда демалуды, саяхаттауды көбірек таңдаған.

Каспий жағасына келушілер көбейеді

Бұл жағдай өңір тарихында тұңғыш рет Ақтауға туристік бағыттағы арнайы чартерлік рейстердің қатынай бастауына жол ашты, сондай-ақ Ақтау мен шет елдер арасындағы тұрақты рейстер саны да арта түсті.

Маңғыстаудың ерекше табиғатымен бірге шетелдік және жергілікті туристерді Каспий теңізі жағалауындағы демалыс орындары мен курорттық кешендер, олардағы қызмет көрсету деңгейі жоғары сапалы қонақүйлер, демалыс аймақтары, аквапарктер мен ойын-сауық орталықтары қызықтырыпты. Бұл жағдайлар Ақтау халықаралық әуежайын алдына үлкен жоспар қоюға ұмтылдырды. Қазір олар чартерлік рейстерге аптасына жеті рет қатынайтын мүмкіндікті қарастырып, жан-жақты ұйымдастыру жұмыстарын, тараптардың өзара келіссөздерін бастады.

Ақмаржан Ақтау биыл туристердің ірі легін қабыл­дауға әзір. Бұл – өңірдегі туристік әлеуеттің өркендей бастағанының және жоғары сапалы сервистік қызметтің көрінісі. Алайда өңір туризмі бұл жетістіктерімен тоқтап қалмай, алдағы уақытта туризмді одан әрі дамытып, туристер мен қонақтарды, саяхатшыларды тарта түседі.

 

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025