Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2021
Ірі құс фабрикасы – қажетті жоба
725 мыңға жуық халқы бар Маңғыстау облысы тауық етін осы күнге дейін өзге аймақтар мен алыс-жақын шетелдерден тасымалдап келді. Аймақ тұрғындары орташа есеппен жылына 11,5 мың тонна тауық етін тұтынатындықтан облысқа құс етін шығаратын кәсіпорын ашу қажеттігі байқалды. Осылайша, осы жылдың көктемінде Түпқараған ауданында алғаш рет бройлер тауығын өндіретін ірі құс фабрикасы өз жұмысын бастады.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021
Ақтау – көшіп келушілердің саны ортаймай келе жатқан қала. Сондықтан қалада жаңа үйлер құрылысы қарқын алып тұр. Тіпті Ақтау – облыста тұрғын үй құрылысы бойынша алдыңғы орында.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2021
Маңғыстау облысында Конституция күні қарсаңында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2021
Салынған жолдың сапасы жақсарды
Жол құрылысында ақау жоқ. Бұл сұраққа «Маңғыстауда жолдар сапалы салынуда» деп жауап береді Ұлттық жол сапасы орталығының Ақтаудағы өңірлік филиалының басшысы Елтай Таялиев.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2021
Ауыз су мәселесі қалай шешілуде?
Ауыз су әлемдік мәселеге айналып тұрған кезде тұщы су көзі қат Маңғыстаудағы ахуал айтпаса да түсінікті. Су жетіспеушілігі тұрғындардың жиі көтеретін негізгі талаптарының бірі. Осы орайда Маңғыстау облысы әкімінің баспаөз қызметі өңірде ауыз су мәселесін шешу үшін жасалып жатқан жұмыстардан хабардар етті.
Қоғам • 27 Тамыз, 2021
Әр өңірде елге еңбегімен, парасатымен танылған, ортаға сыйлы айтулы азаматтар болады. Маңғыстауда Сақып Керелбаев десе оны білмейтін де, құрметтемейтін де адам жоқ. Жастайынан елге қызмет етіп, өңірдің ғана емес, елдің дамуына үлкен үлесін қосқан азамат бұл құрметке лайықты да. 1947 жылы Маңғыстау ауданының Таушық ауылында туған ол – Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, Ресейдің Плеханов атындағы мемлекеттік академиясын бітірген экономист, саясаттанушы, менеджер.
Коронавирус • 15 Шілде, 2021
Медицина қызметкерлері вакцина алды
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 7,2 мыңнан аса медицина саласының қызметкері COVID-19 инфекциясына карсы вакцинаны салдырған.
Аймақтар • 11 Шілде, 2021
Маңғыстауда мәселе шаш-етектен. Жаз басталысымен су жетпей шелегін даңғырлата дағдарған тұрғындар мәселесіне іле мал шығыны қосылып, коронавирустың үдеуі де мазаны қашырып тұр. Маңғыстауда қазір «ат арыса – тулақ, ер арыса – аруақ» дегендей қиын жағдай орнады.
Технология • 04 Маусым, 2021
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің авторлық жобасы – Caspian Startup – 2021 халықаралық стартап-жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Үшінші рет өткізілген іс-шараның тақырыбы ретінде жаңаратын энергия көздері таңдалды – ұйымдастырушылар жастарды да, кәсіпкерлерді де баламалы энергия көздерімен таныстыру мақсатын ұстанды.
• 02 Маусым, 2021
Биыл Маңғыстауда қыстай жеткілікті мөлшерде қар түспеуі, көктемде жаңбыр болмауы салдарынан өңірдің ойы да, қыры да тулақтай сіресіп, құласаң бетке тиер қылтанағы жоқ дейтіндей қу тақыр қалыпта. Бұл мал атаулыға қиын тиді – көктем шығысымен жерден тіске басар таппай әбден ашыққан түліктерге қырылу қаупі төнді.