Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3446 материал табылды

Спорт • 03 Қазан, 2024

Жарыстар күнделігі

Жуырда Мажарстанда өткен шахматшылардың Олимпиа­дасында ел құрамасы күміс медальды иеленіп, төрткүл дүние жанкүйерлерін тамсандырған еді. Осы табыстың арқасында жерлестеріміз әлемдік рейтингте едәуір жоғарылады. FIDE-нің жаңартылған тізімінде Будапештте бақ сынаған Бибісара Асаубаева (2487 ұпай) 2-орынға көтерілді. Ал Меруерт Камалиденова (2378) – сегізінші, Алуа Нұрман (2356) – 10, Ксения Балабаева (2335) – 12, Әмина Каирбекова (2288) – 25-сатыға жайғасты. Мықтылар санатында Лия Құрманғалиева да бар. Ол 18-орында (2324).

Тағзым • 02 Қазан, 2024

Денис Тен турнирі

3-5 қазан аралығында Астанадағы «Барыс Аре­­нада» мәнерлеп сыр­ға­наудан Қазақстанның ең­бек сіңірген спорт шебері Денис Тенді еске алуға ар­налған халықаралық тур­нир өтеді.

Спорт • 02 Қазан, 2024

Өрендер Душанбеде белдеседі

2-6 қазан күндері Тәжікстанның астанасы – Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл жарыста 67 мемлекеттен келген 574 балуан бақ сынайды. Солардың қатарында еліміздің 18 жас өрені бар.

Спорт • 02 Қазан, 2024

Аргентинаға әліміз жетпеді

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алған командалар толықтай анықталды. Өкінішке қарай, олардың қатарында ел құрамасы жоқ. Осыған дейін өрелі ойын өрнегі, керемет тактикалық даярлығы және техникалық арсеналымен көзге түскен Рикардо Каканың шәкірттері ширек финалдық сайыста Аргентинадан ойсырай ұтылды.

Теннис • 02 Қазан, 2024

Almaty Open турнирі және сегіз саңлақ

13-20 қазан аралығында Алатау баурайында ATP 250 Almaty Open турнирінің жалауы желбірейді. Оған жерлестерімізден бөлек, алыс-жақын шет мемлекеттерден келген бірқатар белді теннисші қатыспақшы.

Спорт • 01 Қазан, 2024

Жарыстар күнделігі

Сауд Арабиясының Даммам қала­сында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender-2024 турнирінің 19 жасқа дейінгі спортшылар бәсекесінде Алан Құрманғалиев алдына жан салмады. 17 жастағы қарағандылық өрен жарыс барысында саудиялық Мұртадх Әбу Абдулла, Абдулал Алхамиса, Әли Әлтахера, үндістандық Сарт Мишра, Джаш Моди, Анкур Бхат­тачарджиден басым түсті. Ал Абдолла Мамай мен Сарвиноз Мірқадырова жұбы Грузияның Батуми қаласындағы жарыста бас жүлдені олжалады.

Кәсіпқой бокс • 30 Қыркүйек, 2024

Данияр – Джо Нойнайды жеңді

Алматыда өткен кәсіп­қой бокс кешінің басты жек­пе-жегінде Да­нияр Елеу­сінов пен фи­липпиндік Джо Нойнай жұ­­дырық­тасты. Олар жар­­тылай орта салмақ­тың WBC Peace нұсқасында алтын белбеуді сарапқа салды.

Спорт • 28 Қыркүйек, 2024

Шавқат чемпиондық тәжге таласуға лайық

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді промоушен UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммад қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмоновпен күш сынасуға ниетті екенін білдірді. Егер қос тарап ортақ мәмілеге келсе, онда қандасымызға төрткүл дүниенің теңдессізі атануына тамаша мүмкіндік туындайды.

Кәсіпқой бокс • 24 Қыркүйек, 2024

Азия чемпионы атанды

Алматыдағы «Sadu Arena» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті. Отандық «Irfin Promotions» компаниясы ұйымдастырған турнирге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Танзания, Ресей, Грузия, Қырғызстан және Үндістаннан келген былғары қолғап шеберлері қатысты.

Спорт • 30 Тамыз, 2024

Жарыс күнделігі

Велотректен Қытайдың Лоян қала­сында ұйымдастырылған жастардың әлем біріншілігінде Данияр Шаяхметов күміс медаль иеленді. «Кейрин» деп аталатын жаттығу түрінде ол жеңімпаздан небәрі +0.026 секунд қана қалып қойды.