Спорт • Бүгін, 10:37

Әлемдегі ең құнды футболшы кім?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) қазіргі кездегі әлемдегі ең құнды футболшылардың рейтингін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Әлемдегі ең құнды футболшы кім?

Ең бағалы ойыншылар тізімін Ламин Ямаль бастап тұр. «Барселоның» намысын қорғап жүрген Испанияның 17 жастағы жартылай қорғаушысы құны 402,3 миллион еуро. Екінші орында – норвегиялық Эрлинг Холанд. «Манчестер Ситидің» 27 жастағы сұрмергені 239,6 миллионға бағалануда. Үздік үштікті Джуд Беллингем түйіндеуде. «Реалдың» сапындағы 21 жастағы ағылшын футболшысының құны – 233,8 миллион.

Сондай-ақ, ТОП-10-дыққа Килиан Мбаппе («Реал», Испания) – 1 92,5 млн, Джамал Мусиала («Бавария», Германия) – 154,8 млн, Педри («Барселона», Испания) – 143,7 млн, Винисиус («Реал», Испания) – 130,4 млн, Коул Палмер («Челси», Англия) – 126,5 млн, Хулиан Альварес («Атлетико», Испания) – 126,0 млн және Флориан Вирц («Байер», Германия) – 122,3 млн сынды теңбіл доп шеберлерін енді.