Спорт • 03 Маусым, 2025

Арулар Азия чемпионатында алты жүлде алды

130 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Куми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлықтың мықтылары жиналатын жарыста Қазақстан құрамасы алты жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте төртінші орынға табан тіредік. Алдымызда Китай (19 алтын+ 9 күміс+ 4 қола), Үндістан  (8+9+6) және Жапония (5+11+12), деп жазады Egemen.kz.

Арулар Азия чемпионатында алты жүлде алды

Бес күнге созылатын байрақты бәсекеде Қазақ елі намысын мына спортшылар қорғайды: Екатерина Авдеенко (жетісайыс), Виктория Ан (200 және 400 метр, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Юлия Башманова (100 метр кедергілер арқылы жүгіру), Айана Болатбекқызы (1500 метр), Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру), Дэйзи Джепкемей (5000 және 10000 метр), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Александра Залюбовская (400 метр, 4х400 метрлік эастафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Аделина Земс (400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400), Кристина Кондрашова (4х400 мет рлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру), Ольга Сафронова (100 және 200 метр, 4х400 метрлік эастфета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Ясмина Тоқсанбаева (20 шақырымдық спорттық жүріс), Антонина Чернышова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алина Чистякова (жетісайыс), Анна Шумило (4х400 метрлік эстафета), Артур Гафнер (найза лақтыру), Давид Ефремов (110 метр кедергілер арқылы жүгіру), Виталий Земс (100 және 200 метр), Вячеслав Земс (400 метр кедергілер арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Иван Иванов (ядро лақтыру), Дмитрий Коблов (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х400 мет рлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Михаил Литвин (4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Эльнор Мухитдинов (400 метр, 4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Зелімхан Насыров (ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру), Андрей Соколов (4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас), Ефим Тарасов (4х400 метрлік эстафета, 4х400 метрлік аралас эстафета), Алмат Төлебаев (100 және 200 метр), Максим Фроловский (1500 және 5000 метр) және Георгий Шейко (20 шақырымдық спорттық жүріс).

Солардың арасынан Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы және 5000 метрге жүгіруде алдына жан салмады. Дейзи Джепкемей 10000 метрлік қашықтықта шашасына шаң жұқтырмады. Биіктікке секірге Елизавета Матвеева күміспен күптелсе, 20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмин Тақсанбаева үздік үштікті түйіндеді. Тағы бір қоланы Дейзи Джепкемей қоржынға салды. Бұл медальді ол кедергілер арқылы жүгіруде жеңіп алды. Әрине, 2023 жылғы Азия чемпионатына қарағанда осы жолы табысты өнер көрсеттік. Тай елінде отандастарымыз 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальді иеленіп, жалпы командалық есепте 11 орынды қанағат тұтқан еді. Оңтүстік Кореяда 3 алтын, 1 күміс және 2 қоланы олжалады. Бірақ бұл көрсеткішке көңіліміз толды деп айта алмаймыз. Себебі, ең көп жүлде жиынтығы сарапқа салынатын спорт түрінде небары алты жүлде алуымыз нашан нәтиже. Және де үш алтынды да кениялық легионерлер алып берді. Ал сонда өз өрендеріміз қайда? Осы сауалға құзырлы органда не деп жауап берер екен?...