Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3897 материал табылды

Спорт • 06 Тамыз, 2025

Бұйырғаны – жалғыз қола

Грузияның бас шаһары Тбилисиде семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мәреге жетті. Төрт­күл дүниенің әр қиырынан жиналған ең үздік нояндардың бәсекесін еліміздің құрама командасы бір қола медальмен қорытындылады.

Спорт • 02 Тамыз, 2025

Жарыс күнделігі: U-17

Грекия астанасы – Афинада жасөспірімдер (U-17) арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 45 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан грек-рим күресі шебері Жаңажол Қуанышбек бас жүлдені олжалады. Аса шиеленісті финалдық са­йыста ол қырғыз Нұркерім Құмар­бековты 8:7 есебімен еңсерді. Оған дейін Жаңажол Болгария, Молдова, Иран балуандарын жолынан ығыстырған еді. Нұрдәулет Құмарұлы (48 кг) мен Нұрәлі Асқар (55 кг) күміс, Шәміл Досбол (65 кг) мен Марлен Мейірбекұлы (71 кг) қола медаль иеленді.

Футбол • 02 Тамыз, 2025

«Астана» мен «Қайрат» – үшінші кезеңде

УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде өнер көрсеткен еліміздің қос командасы да жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.

Теннис • 01 Тамыз, 2025

Рыбакина Монреальдағы турнирдің төртінші кезеңіне өтті

Еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында тұсауы кесілген WTA 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис • 01 Тамыз, 2025

Алматыда теннисшілердің турнирі өтеді

4-9 тамыз аралығында Алматыда теннистен «Roland Garros Juniors» турнирінің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 01 Тамыз, 2025

Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атанды

Грекияның бас шаһары – Афинада ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы (U-17) әлем чемпионатын Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері бес жүлдемен қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис • 01 Тамыз, 2025

Аустрияда алдына жан салмады

Өткен аптада әлемнің бірқатар мемлекетінде түрлі халық­аралық турнирлер өтті. Сол бәсекелерде еліміздің белді теннисшілері де өнер көрсетті.

Олимпиада • 30 Шілде, 2025

Универсиада алауы сөнді

Германияда XXXII жазғы Дүние­жүзілік универсиада аяқталды. Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм, Берлин қалаларында өткен дүбірлі додада 150-ден аса мемлекеттен келген 8,5 мыңға тарта студенттер сайысқа түсіп, спорттың 18 түрінен 234 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Бокс • 30 Шілде, 2025

Жастар Бангкокқа аттанды

30 шілде – 12 тамыз аралығында Таиланд астанасы Бангкокта World Boxing ұйымының мұрындық болуы­мен жастар арасындағы Азия бірін­шілігінің жалауы желбірейді. Жарыс­қа 26 мемлекеттен 400-ге жуық был­ғары қолғап шеберлері қатысады.

Спорт • 30 Шілде, 2025

Жарыс күнделігі: UFC

Қазақтың танымал аралас жекпе-жек­ шебері Асу Алма­баев­ (22-3) Әбу-Да­биде ­ұй­ым­­­­­­дас­­ты­рыл­ған UFC on ABC 9 тур­нирі­нің­­де пе­руалық Хосе Очоа­мен (8–2) күш сынас­ты. Бәсеке ба­сынан ая­ғына дейін қан­да­сы­­мыздың ба­сым­ды­ғы­мен өтті. Төре­ші­лер бір­ауыздан біз­дің жігіт­тің мықтылығын мойын­дады. Жарыстың басты айқасында ни­дер­ландтық Ренье Де Риддер (20–2) Аустралияның арланы Роберт ­Уит­такерді (26–8) ұпай санымен ұтты.