Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2019
Шетелдік талапкерлер отандық жоғары оқу орындарын неге таңдамайды?
Халықаралық білім институтының (Institute of International Education) зерттеуінше, АҚШ-тағы шетелдік студенттердің саны 1 млн 100 мың адамға жуықтады. Осы білім алушылардың әрқайсысы елге (грантпен баратыны бар, ақылы оқитыны бар) жылына кем дегенде 1 млн теңгеден салады дейік. Бұл дегеніңіз сырттан сол мемлекетке жыл сайын млрд-тап емес, триллиондап табыс әкелетініне дәлел бола алады. Ал қазақстандық университеттер шетелден инвестиция әкелмесе де, сыртқа ағылған студенттердің шығынын жаба алып жүр ме?
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Жоғары білім берудегі ықпалдастық
Әлемнің 11 елінен жиналған жоғары оқу орындарының өкілдері Қазақстан астанасында бас қосты. Халықаралық жиында шетелдік топ-менеджерлер, Қазақстан, Қытай, Испания, Франция, Португалия, Швеция, Эстония университеттерінің әр деңгейлі мамандары жоғары білімді интернационалдандыру мәселесін, маңызы мен іске асыру жолдарын талқылады.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Ғылым кандидаты PhD-ді қайта оқуы керек пе?
Редакциямызға бір оқырманымыз хабарласып, ғылым саласындағы өзекті мәселені көтерді. Ол Қазақстанда алған ғылым кандидаты атағымен шетелде жұмыс істемек көрінеді. Алайда шетелдік жоғары оқу орны басшылығы PhD диплом сұратыпты. Ал елімізде PhD дәрежесі ғылым кандидаты атағымен теңестірілген еді. Екі құжат та бір деңгейде болса, неліктен жұмысқа орналасуға жарамайды?
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2019
Елімізде Иран-Қазақстан экономикалық зерттеулер орталығы ашылды. Орталық 2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ирандағы Алламе Табатабаи мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында қолға алынған. Жаңа орталыққа 973-1048 жылдары өмір сүрген, Арал теңізінің жағасында астрономиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшеріне дәлме-дәл анықтама жасаған ортаазиялық энциклопедист-ғалым Абу-Райхан әл-Бирунидің есімі берілді.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Цифрландырудың білімге ықпалы талқыланды
Отандық және шетелдік жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен елордада білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуразиялық форум өтті. Шарада спикерлер мен қонақтар университетті цифрландырудың маңызы мен тиімді жолдары жөнінде ой бөлісті.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бала қауіпсіздігі және профилактикалық шаралар бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019
Дипломмен ауылға аттанғандар қалаға неге қайтады?
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының үздіксіз жүзеге асырылып келе жатқанына биыл 10 жылға жуықтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жариялаған Жолдауында бағдарламаға бөлінетін қаражатты 20 млрд теңгеге ұлғайтуды тапсырды. Оның бірден-бір себебін ауылдық мектептерде педагог кадрлардың жетіспеушілігімен байланыстырды. Ауылға аттанған жас мамандардың міндетті үш жылдық еңбек өтілін өтеп болған соң, қалаға қайтып кететіні жасырын емес. Оның себебі неде?
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2019
Жауапкершілік жүгі жазадан жеңіл
Ішкі істер министрлігінің жақында таратқан ақпаратын оқығанда еріксіз күрсінесің. Бала – бауыр етің, көз алдыңда жайраңдап жүрген балақайдан қас-қағым сәтте көз жазып қалсаң, қалай болады? Әлбетте, ауыр. Әрі ол бір отбасының жалғызы болса ше? Жаныңды жегідей жейді. Талай түйткілдің түйінін оймақтай ойға сыйғызған қазақ мұндайда бір ауыз сөзбен «Сақтықта қорлық жоқ» деген.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019
КЕДЕРГІЛІ КЕҢІСТІК: Брайль қарпіндегі оқулықтар неге басылмайды?
12 жасар Мұхамед Сырбайұлы 1 қыркүйекте 5 сыныпқа барды. Ол кітап оқығанды жақсы көреді. Анасына әрдайым қолғабыс көрсетуге құштар. Ыдысты да жуып, картопты да егіп, үй мен даланың шаруасын тындыруға талаптанып тұрады. Сондағысы – бәрін білгісі келеді. Иә, мынау жарық әлемді жанарымен көруге мүмкіндігі болмаса да, кітап арқылы өзін қоршаған дүниені тануға деген талпынысы бірде-бір кеміген емес.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
Елордадағы жаңа мектепке Абай есімі берілді
Білім күнінде Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының басшысы Әлия Назарбаева қатысты.