Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
212 материал табылды

Білім • 14 Мамыр, 2025

Кедергісіз келешек кезек күттірмейді

Жақында жеті жасқа толатын Айтұмар Сәрсенбек биыл да не мектепке, не даярлық сыныбына бармайтын болды. Ал оның құрдастары 1-сыныпты бітіреді. Кішкентай кейіпкеріміздің тағы неше жыл қатарластарынан қалып қоятыны белгісіз. Себебі елімізде ол сияқты ерекше балаларды оқытатын арнайы ұйымдар аз, кезек көп. Қайтпек керек? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда дәл осы мәселеге назар аударып, елімізде ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек екенін шегелеп айтқан-ды. Түйткілдің түйінін түбегейлі тарқатудың тиімді жолы қайсы?

Байқау • 13 Мамыр, 2025

Озат оқушылар олжалы оралды

Әлемнің 110 елінен 50 мың­­­нан аса оқушы қа­тыс­­­­қан Хьюстондағы «FIRST ­Championshi 2025» халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құ­рамасы үш жас санаты бойын­ша рекордтық нәтиже көрсетті.

Қоғам • 06 Мамыр, 2025

Халық рухын арқау еткен

Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Іс-шараны «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп ұйым­дастырып отыр.

Өнертапқыш • 26 Сәуір, 2025

Марстың ауа райын болжайды

Ауыл баласы ғаламшарды зерттейтін жасанды интеллект үлгісін шығарды. Ғылымға құштар жас зерттеуші енді осы бағдарламасы арқылы Марстың климатын болжамақшы. Оның бұл жобасы халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, ғарыштық зерттеулер саласындағы жаңа қадамға айналып отыр.

Digital • 24 Сәуір, 2025

Отандық тұңғыш микрочип

Кейінгі жылдары асқан жылдамдықпен жасанды интеллект ғасырына өткен секілдіміз. Осы өзгерістер кезеңінде кез келген салада қолданылатын әрбір құрылғының «жүрегі» іспетті микрочипті жасау көп елдің сауда-экономикалық бәсекедегі әлеуетіне ықпал етіп қоймай, саяси, қорғаныс бағытында қауіпсіздіктің кепілі болып отыр. Неге? Себебі микрочип – жасанды интеллектінің «миы». Ал жаңа дәуірде ақыл-ойдың күші өзіңде болғаны – түптеп келгенде тәуелсіздіктің кепілі.

Білім • 19 Сәуір, 2025

Жаңартылған суперкомпьютер іске қосылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда қазір қандай ел жаңа технологияны өз пайдасына жарататыны, қандай ел көш соңын­да қалатыны анықталып жат­қан шешуші кезеңге қадам бастық деп айтқан еді.

Білім • 19 Сәуір, 2025

«NASA»-дағы білімділер белесі

Отандық озат оқушылар әлемге әйгілі «NASA» (National Aeronautics and Space Administration – ғарыш агенттігі) ұйымы мен АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы (National Space Society) ұйым­дас­тырған білім бәйгесінде топ жарды. Дарындылар додасына дүние­жүзінің 25 елінен мектеп жасын­дағы ­26 мың­нан аса жеткіншек қатыс­қан. Ал еліміздің намысын қорғаған өрендер екі бірдей жоғары жүлдені қанжығаға байлады.

Ғылым • 18 Сәуір, 2025

«Болашақ» бағдарламасы: Тағылымдама түйткілдері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Болашақ» бағдарламасымен іс-тәжірибеден өткізу ісін сынға алып, ғылымға мүлдем қатысы жоқ адамдардың шетел асқанын айтып, бұл бағытқа біраз жүйелеудің қажет екенін меңзеген еді. Осыған орай біз тағылымдама түйткілдерін тарқатып, білім жетілдіремін деп шекара асқандардың ой-пікірлері арқылы мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырып көрген едік.

Қоғам • 18 Сәуір, 2025

Керек дерек

1-сыныпқа «egov.kz» арқылы қабылдайды. Елімізде бірінші сыныпқа өтініш қабылдау науқаны басталды. Бұл осы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Оқу-ағарту министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, мектептің алғашқы сыныбына ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады.

Білім • 17 Сәуір, 2025

Негізгі ҰБТ мамырда басталады

Негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 16 мамырда басталады. 5 шілдеге дейін жалғасатын басты тестілеуді талапкерлер екі рет тапсыра алады. Бұл кезеңнің маңыздылығы үміткерлердің осы сынақтан өткен нәтижесімен мемлекеттік грант конкурсына қатысатынында болып тұр.