Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
211 материал табылды

Білім • 29 Тамыз, 2025

Мектепке бару қанша тұрады?

Базарларға жолыңыз түссе, сөрелерді жаңа оқу жылының жақындап қалғанын көрсете­тін тауарлар жаулап алға­нын байқайсыз. Иә, қыркүйекке қарбалас дайындық тамыз айынан басталып кеткен. Баласын жетектеген ата-ананың қарасы көп, бәрі мектепке қажетін осы айдың соңына дейін әзірлеп алуға асығады. Ал баға қалай? Бір баланы сабаққа дайындау­ға қанша теңге жұмсалады? Көмекке мұқ­таж жандарға қандай қолдау бар? Бірізділік бізге қашан келеді? Салмақты сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Білім • 26 Тамыз, 2025

Астана педагогтері кеңесі

Елордада астаналық педагогтердің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Іс-шарада қалалық білім саласының өткен оқу жылындағы қорытындысы мен жаңа оқу жылындағы жаңалықтары талқыланып, үздік әдістемелер сарапқа салынды. Конференцияға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, бас шаһардың әкімі Жеңіс Қасымбек, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, ата-аналар қатысты.

Білім • 19 Тамыз, 2025

Шетел университеттерінің филиалы: бүгіні мен ертеңі

Қазір отандық жоғары білім саласында асқаралы жос­пар жүзеге асырылып жатыр. Мұны салалық министрлік «Миссиямыз – елімізде академиялық хабқа айналдыру» деп түсіндіреді. Бәрі елімізде 5 шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашудан басталды. Бүгінде халықаралық әріптестік нәтижесінде шекараның сыртынан келген 20-дан аса ұйым жұмыс істеп тұр. Бұл біздің мектептерді бітірген түлектерге өз өлкесінде әлемге белгілі оқу ордаларының дипломын алуға жағдай жасайды. Десе де көбі мамандарды ақылы негізде даярлайды, бірақ биыл тегін оқуға мүмкіндік ашылды.

Президент • 16 Тамыз, 2025

Озық білімді, жаңа технологияны игерген елдің ұпайы түгел

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі респуб­ликалық Тамыз конференциясы өтті. Мемлекеттік орган өкілдері, білім саласының қызметкерлері, ата-аналар жиналған алқалы жиында былтырғы оқу жылының нәтижелері қорытындыланып, жаңа оқу жылындағы өзгеріс­тер айтылып, тиімді, жемісті пе­дагогикалық тәжірибелер көрсе­тіліп, ұрпақ тәрбиелеу, оқыту ісіндегі үздіктерді Президент марапаттады.

Білім • 15 Тамыз, 2025

Адал азамат тәрбиелеу міндеті

Жыл сайынғы Тамыз кон­ферен­циясы аясында жер-жерде панельдік секциялар өтіп жатыр. Соның бірі мемлекеттік сая­саттың негізгі идея­сы­мен үндесетін «Адал аза­мат» біртұтас тәр­бие бағдарламасына арналды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдас­тыр­ған жиынға еліміз­дің барлық өңірінен білім ұйымдарының бас­шы­лары, тәрбие ісі жө­нін­де­гі орынбасарлар, педа­­гогтер, білім басқар­ма­ла­рының мамандары, әдіс­темелік орталық­тар­­дың әдіскерлері және мем­лекеттік мүдделі орган­дар­дың өкілдері қатысты.

Білім • 09 Тамыз, 2025

Грант кімге бұйырды?

Көптен күткен грант конкурсының нәтижесі жарияланды. Әлеуметтік желілерде тараған талапкерлер мен ата-аналарының қуанышты видеолары жүрек толқытады. Ал сол грант кімге бұйырды, қай мамандыққа бөлінді? Бөркін аспанға атқандардан бөлек үміттенсе де ілікпеген 36 мың адам тағы бар, оларға келер жылға қалмай-ақ биыл тегін білім алуға әлі де мүмкіндік қарастырылған ба? Зерделеп көрдік.

Ғылым • 08 Тамыз, 2025

Бағалы металды балқытатын ыдыс

Бүгінде ғылымда зерттеу жұмыстарын халықаралық деңгейде шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізу кең таралып жатыр. Бұл көбіне нақты ғылымдарға қатысты болатындай көрінеді. Бірақ біздің археолог ғалымдарымыз да бұл тәсілді зерттеу нәтижесінің өнімділігін арттыруда сәтті қолданып жүр.

Ғылым • 02 Тамыз, 2025

Ілкімді ізденіс нәтижесі

«Egemen Qazaqstan» газеті отандық ғылымның дамуы жолында жасалып жатқан қадамдарға, ғалымдарымыздың әр жетістігіне, әрбір өнертабысы мен зерделеу жұмыстарына ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Осы дәстүрімізді жалғастырып, зерттеушілердің кейінгі ізденістерінің нәтижесі туралы кезекті шолуды ұсынып отырмыз.

Білім • 01 Тамыз, 2025

«Қазақстан халқынан» – 500 грант

Қазір – грант конкурсына құжат қабылдау уақыты аяқталып, үміткерлер тақымын қысып жүрген шақ. Көп күттірген тізім 10 тамызға дейін шығып қалуға тиіс. Сол тегін оқуға жолдама ала алмаған жағдайда кейбір талапкерлерге тағы бір мүмкіндік туып тұр.

Ғылым • 26 Шілде, 2025

Отандық ғылымның беделін биіктеткен басқосу

Әлемдегі жаратылыстану, математика, физика ғылымдарының өкіл­дері үшін зор маңызға ие «ISAAC-2025» конгресі мәресіне жетті. Екі жыл­да бір рет болатын, талай мықтының баяндамасы тыңдалатын іргелі іс-шара биыл алғаш рет Орта Азияда, соның ішінде Қазақстанда ұйым­дас­тырылды. Бұл – біздің елімізге, төл ғылымымыз бен жоғары білім сала­сына үлкен мәртебе, сонымен қатар мамандарға халықаралық тәжірибе алма­суға таптырмас алаң. Өйткені мұнда талқыланатын тақырыптар тек теориялық емес, қаржы математикасы, жасанды интеллект, биология, нейрондық желілер сияқты 20-дан аса түрлі ғылыми бағытты қамтиды.