Білім • 23 Тамыз, 2024
Мектепке онлайн ауысу мүмкіндігі
Жақында eGov.kz порталында «Білім» деп аталатын жаңа бөлім енгізілген еді. Осы арқылы мектеп бітірушілеріне негізі және орта білім туралы аттестатын онлайн алуға болатын мүмкіндік ашылды. Енді аталған бөлімге тағы бір жаңа қызмет қосылды. Бұдан былай ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ eGov.kz порталында жүзеге асыра алады.
Білім • 22 Тамыз, 2024
Заманауи білім берудегі тың шешімдер
Елордада педагогтердің республикалық Тамыз кеңесі өтті. Саммит форматындағы жиын оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, білім беру барысына жасанды интеллектіні енгізу ерекшеліктеріне арналды. Дәстүрлі жиынға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Cаясат Нұрбек, Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдар (ЮНЕСКО) мен білім саласының өкілдері қатысты.
Білім • 21 Тамыз, 2024
Оқушының керек-жарағы қанша тұрады?
Әне-міне қыркүйек те келіп қалды. Балалар жаздың соңы жақындағанын ойлағысы да келмей ойнап жүрген шығар, алайда ата-аналар мектепке қамдануды бастап та кеткен. Бұған көпшілік арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде көз жеткіздік. Соған сүйеніп «Бір баланы мектепке дайындауға қанша қаражат керек?» деген сауалға жауап іздеп көрдік.
Білім • 17 Тамыз, 2024
Колледждерге 145 мың грант бөлінді
Колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік молайды. Оқу-ағарту министрлігінің жақында жариялаған жаңалығына сүйенсек, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді.
Тәрбие • 16 Тамыз, 2024
Интернет: Баланы сақтандыру кеңесі
Оқу жылы жақындап келеді. Бұл күнде балаларды мектепке дәптер-қаламымен ғана емес, жеке техникасын да (телефон, смартфон, планшет, ноутбук, тағысын тағы) сайлап дайындайтын болғанбыз. Себебі баламен байланыста болу керек, одан қалды оқушыларға берілетін кейбір тапсырманы орындау техниканы қажет етеді. Әйтеуір әр балада интернетке қосылған бір техника бар. Ал олардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырмыз ба?
Медицина • 16 Тамыз, 2024
Отандық ғалымдар әзірлеп жатқан обырға қарсы дәрі клиникалық сынақтың бірінші кезеңінен сәтті өтті. 1 шілдеден сынақтың екінші кезеңі басталды. Бұл туралы Назарбаев университетінде өткен баспасөз жиынында айтылды.
Зерде • 15 Тамыз, 2024
«Ер есімі – ел есінде» дейміз. Бірақ ерлігі лайықты еленбегендіктен, ерлердің ел есінде қалмағаны көп. Соның бірін бізге жақында редакциямызға хабарласқан оқырманымыз баяндап берді. Әңгімесін тыңдағанда үнсіз қалдық. «Ерлік лайықты бағасын алмай қалса, қандай қиын!» деп күрсіндік.
Білім • 14 Тамыз, 2024
Магистратураға құжат қабылдау басталды
Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Осы аптаның басы, яғни 12 тамыз күні басталған құжат қабылдау 15 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Үміткерлер өз құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы тапсыра алады.
Білім • 03 Тамыз, 2024
«Болашақ» бакалавриатпен қайта қауышпақ
Қазіргі таңда үміткерлер «Болашақ» бағдарламасымен тек магистратура мен докторантурада оқи алады. Енді бакалавриатқа да аталған бағдарламамен үздік шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берілмек. Бірақ шарт пен талап қатаңдатылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған баспасөз жиынында айтылды.
Білім • 02 Тамыз, 2024
1-сыныпқа баратын балалардың мектепке дайындығы дегенде қалам, дәптері еске түседі. «Балаңыз сабаққа дайын ба?» деп сұрағанда да көп ата-ана материалдық қажеттілікке қарай жауап береді. Ал ол мектепке, ең алдымен, оқуға барады.