Әлем • 26 Ақпан, 2026
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Куба Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Флорида штатында тіркелген кеме мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, шекарашыларға оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
«Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын»: Әзілкеш Нұрлан Сабуров Пхукетте концерт берді
Стендап кеші Таиландтағы Пхукет аралында, Royal Phuket City Hotel қонақүйінің конференц-залында өтті. Әзілкеш сахнаға шыға салысымен өзін-өзі әжуалап, көрермендердің «қылмыскерді көруге келгенін» айтып қалжыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Ақпан, 2026
Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның алты облысында республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Рамазан – ислам күнтізбесінің тоғызыншы айы. 2026 жылы ол 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылып, 19 наурызда аяқталады. Бұл кезеңде мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ауыз бекітіп, тамақ пен сусыннан тыйылады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 25 Ақпан, 2026
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Жылдық инфляция сәл баяулағанымен, оның тұрақты түрде төмендеуіне қатысты нақты әрі сенімді белгілер байқалмай отыр. 2026 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция мардымсыз ғана төмендеп, әлі де жоғары деңгейде сақталды. Ал базалық және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция көрсеткіштерінің динамикасы бұдан да баяу, бұл инфляциялық қысымның әлі де күшті екенін аңғартады. Сонымен қатар соңғы төрт айда айлық инфляцияның үдеуі байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Елімізде әйелдер мен жас қыздардың ерлердің қолынан қаза табуы жиіледі. Бұрын жеке отбасының ғана мәселесі деп қаралған тұрмыстық жанжал қазір терең әлеуметтік, психологиялық және құқықтық себептері бар жүйелі проблемаға айналды. Дәстүрді сылтауратып қыздарды еркінен тыс алып қашу да тыйылар емес. Жігіттер неге агрессорға айналып барады? Нәзік жандыларды қандай заңдар қорғай алады? Egemen.kz тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының кезекті кезеңі басталды. Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Ақпан, 2026
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Елімізде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізетін «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 25 Ақпан, 2026
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Ақтөбе облысында жаңа өндірістік жоба жүзеге асырылмақ. Осыған орай облыс әкімі Асхат Шахаров Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчельмен кездесу өткізді. Басқосу барысында инвестициялық жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы және жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2026
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің онлайн форматта кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісім мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.