Тағайындау • Кеше
Ержан Жиенбаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Бишімбаев пен Перизат Қайратқа рақымшылық жасала ма? ІІМ вице-министрі жауап берді
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бірқатар сотталған азаматтарға, соның ішінде Қуандық Бишімбаевқа, Кәрім Мәсімовке және Перизат Қайратқа рақымшылық жасау мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Елімізде сотталған азаматтардың қаншасы рақымшылыққа ілігеді?
Мәжіліс отырысында депутат Әділ Жұбанов Конституцияның 30 жылдығына орай өткен жылы рақымшылықпен босатылған азаматтардың қаншасы қайта қылмыс жасағаны және биылғы рақымшылыққа қанша сотталушы ілігетіні жөнінде Ішкі істер министрлігі өкіліне сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Қазақстанда кімдердің әкімшілік жазалары толықтай кешіріледі?
Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жасау көзделіп отыр. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан таныстырған заң жобасына сәйкес, алғаш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылық та жүргізілмек. Алайда сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм және өзге де ауыр санаттағы қылмыстар үшін сотталғандарға рақымшылық қолданылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • Кеше
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бағамдары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Тыныс алуы қиындаған: Шымкентте 14 жастағы жасөспірімді сарышаян шағып алды
Шымкентте 14 жастағы баланы сарышаян шағып, оған шұғыл медициналық көмек қажет болды. Жәндіктің уынан кейін баланың аяқ-қолдары жансызданып, тыныс алуы қиындаған. Уақыт жоғалтудың қауіпті екенін түсінген ата-анасы ұлын өз көлігімен ауруханаға жеткізуге шешім қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Тараздағы даулы видео: полиция басшысы қызметінен кетуі мүмкін
Тараз қаласында әлеуметтік желіде тараған даулы видеодан кейін аудандық полиция бөлімінің басшысы жұмыстан шығарылуы мүмкін. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • Кеше
Доллар 600 теңгеге жетуі мүмкін бе?
Бүгінде әлеуметтік желілерде «доллар 600 теңге болуы мүмкін» деген ақпарат тарай бастады. Осыған орай қаржы сарапшысы Сұлтан Елемесов пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Маңғыстауда ауладан мектеп оқушысының мәйіті табылды
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ауладан мектеп жасындағы баланың мәйіті табылды. Мәліметтерге сүйенсек, оқиға 1 маусым күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Маусым, 2026
БҚО-да балалар лагеріне жұмысқа тұрмақ болғандардың бұрын сотталғаны анықталды
Батыс Қазақстан облысында жазғы сауықтыру маусымы қарсаңында жүргізілген тексеру барысында балалар лагерлерінде жұмыс істеуге ниет білдірген бірнеше адамның бұрын сотталғаны анықталды. Полиция мәліметінше, олардың құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.