Оқиға • Бүгін, 08:09

Маңғыстауда ауладан мектеп оқушысының мәйіті табылды

1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ауладан мектеп жасындағы баланың мәйіті табылды. Мәліметтерге сүйенсек, оқиға 1 маусым күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда ауладан мектеп оқушысының мәйіті табылды

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оны алдымен басқа бір бала байқап қалған. Бастапқыда ол оны әткеншекте ойнап отыр деп ойлаған. Алайда жақындап қарағанда, баланың беті көгеріп кеткені және аузынан көбік шыққаны анықталған. Осыдан кейін ол дереу үлкендерді шақырып, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері оқиға орнына келген.

Дәрігерлер 2014 жылы туған баланың көз жұмғанын растады. Бала тұншығып қалған болуы мүмкін.

Қазір оқиғаның нақты себебі анықтау үшін, тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Екібастұз қаласында бір жасар бала бесінші қабаттағы терезеден москит торымен бірге құлап кеткен. 

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер тапшылығы байқалады

Медицина • Бүгін, 09:10

Гонконгпен байланыс беки түсті

Экономика • Бүгін, 09:05