Taza.kz
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Түркістан облысында екі ағайынды бала суға батып кетті

Түркістан облысында Балаларды қорғау күні қарсаңында қайғылы оқиға болған. Келес ауданындағы Ошақты каналында ағалы-інілі екі бала суға кетіп, қаза тапты. Құтқарушылар 8 жастағы Юсуфахмет пен 13 жастағы Диасты тәулікке жуық уақыт іздеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке • Бүгін, 11:07

Астанада 100-ге жуық коммуналдық қызметкер Әнұранды шырқады

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы «Бәйтерек» монументі алаңында ерекше патриоттық іс-шара өтті. «Астана Тазалық» мекемесінің 100-ге жуық қызметкері бас қосып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • Бүгін, 10:58

Үкімет Қазақстандағы декреттік төлемнің орташа мөлшерін жариялады

Қазақстанда балалы отбасыларды қолдауға бағытталған кешенді әлеуметтік жүйе қалыптасқан. Мемлекеттік қолдау бала дүниеге келген сәттен басталып, оны тәрбиелеу кезеңінде де жалғасады. Қазіргі таңда балалы отбасыларға арналған жәрдемақылардың бес негізгі түрі қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • Бүгін, 10:10

Сәтбаевта стадионды бүлдірген балалардың ата-аналары жауапқа тартылады

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында орналасқан «Юность» стадионында вандализм жасаған балалар анықталды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бірнеше баланың стадиондағы орындықтарды сындырып жатқан сәті көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • Бүгін, 09:59

Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында халықты қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидаттары азаматтардың барлық санатын − балалы отбасыларды, жастарды, мүгедектігі бар адамдарды, зейнеткерлерді, әлеуметтік сала қызметкерлерін және табысы төмен азаматтарды қамтитын нақты шешімдер арқылы жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол • Бүгін, 09:34

«Атырау» футбол клубы ресми түрде жекеменшікке өтті

«Атырау» футбол клубы 100 пайыз «Caspian Football Group» ЖШС-нің қарамағына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • Бүгін, 08:57

795 млн теңге: Арқалық тұрғыны заңсыз қудалау үшін өтемақы алуы мүмкін

Техногендік минералдық түзілімдерді заңсыз иемденді деген күдікпен сотталған Арқалық тұрғыны толық ақталды. Оған мемлекетке 795 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы • Бүгін, 08:30

Найзағай мен қатты жел: Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 4 маусым күні еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке • Бүгін, 08:25

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

Жыл сайын 4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын ерекше мереке, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • Бүгін, 08:02

Атыраудағы ойын-сауық саябағында өрт шықты

Атырау қаласының Авангард шағынауданында орналасқан ойын-сауық саябағында өрт болды. Өрт кезінде қорқыныш бөлмесі мен карусель отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика