видеодан скриншот
Оқиғаға байланысты полиция вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылыққа қатысы бар екі баланы тауып, олардың ата-аналарының қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Полиция мәліметінше, балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар олар келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттеледі.
Құқық қорғау органдары жазғы демалыс кезінде ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылап, олардың тәртібіне ерекше назар аударуға шақырды.
Еске салайық, жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ыбықты сай шатқалындағы вандализм оқиғасы бойынша қатаң қорытынды шығару керектігін айтқан болатын.