Оқиға • Бүгін, 08:02

Атыраудағы ойын-сауық саябағында өрт шықты

1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының Авангард шағынауданында орналасқан ойын-сауық саябағында өрт болды. Өрт кезінде қорқыныш бөлмесі мен карусель отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы ойын-сауық саябағында өрт шықты

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер аттракциондардың толықтай жанып жатқанын анықтады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің тез таралуына жанғыш материалдардың көп болуы себеп болған.

Құтқарушылар өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол бермей, жалынды қысқа уақытта толық сөндірді.

Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, кеше Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Ал Семейде шаруашылық тауарлары сақталған қойма өртенді.

Соңғы жаңалықтар