
Әлем • 02 Желтоқсан, 2022
Жақында қайта сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті талқылау үшін Францияға екі күндік сапар жасады. Қ.Тоқаев Францияға В.Путинмен кездескен соң келді.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Биылғы тоғыз айда Қазақстаннан 20,3 мың адам өзге елдерге қоныс аударған. Ал осы аралықта елімізге 11 мың адам келген. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 51,7 пайызға артық. Қандас мәртебесін алғандардың саны да өткен жылдармен салыстырғанда басымырақ. Қазір мемлекет ұлы көшке баса назар аудара бастады. Өйткені 2025 жылға дейін Ұлттық жоспарға сәйкес атамекенге 80 мыңдай шетте жүрген қандасты қайтару күн тәртібінде тұр.
Саясат • 24 Қараша, 2022
Жастардың жауапкершілігі жоғары
Халықаралық байқаушылар жуырда өткен кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге келген жастардың қарасы көп болғанын айтады. Жас буын өз елінің президентін таңдауға үлес қосып қана қоймай сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының бел ортасында да жүрді. «Bir tolqynda» диалог алаңына жастар саяси науқанның өту барысын талқылап, ондағы жас белсенділердің рөлі туралы айтты.
Саясат • 23 Қараша, 2022
Еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына қатысқан шетелдік байқаушылар саяси доданың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп отыр. Шетелдік байқаушылар жұмысын бір ай бұрын бастап, әу бастағы іс-шаралардың барлығына куә болды. Мәселен, Қазақстандағы ТМД сайлауды бақылау миссиясы қызметін 27 қазанда бастады. Онда оншақты ұзақмерзімді байқаушы жұмыс істеді. Ал сайлау қарсаңында елімізге ТМД-ның 9 мемлекетінен миссия құрамына енген 174 адам келді. Байқаушылар миссиясы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мыңнан астам сайлау учаскесін аралады. Олар сайлаудың тыңғылықты ұйымдастырылғанын және тыныш өткенін ерекше атап өтті.
Саясат • 23 Қараша, 2022
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына әлемнің 37 елінен 44 халықаралық бұқаралық ақпарат құралының өкілі келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Аустрия және т.б. елдерден келген журналистер бар.
Әлем • 22 Қараша, 2022
Жаңа Қазақстанды құруға уәде берген Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбіде өткен сайлауда озып шығып, жеті жылға қайта сайланды.
Әлем • 22 Қараша, 2022
2019 жылы билікке келген Қ.Тоқаев енді 2029 жылға дейін Орталық Азиядағы ең ірі республиканы басқарады.
Әлем • 22 Қараша, 2022
Қаңтар оқиғасынан кейінгі саяси дода
Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы белгіленіп, 20 қарашада өтті.
Әлем • 22 Қараша, 2022
Жексенбі күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Елде 12 миллионға жуық сайлаушы бар.
Әлем • 22 Қараша, 2022
Қазақстанның қазіргі Президенті биыл елді дүр сілкіндірген қанды тәртіпсіздіктерден кейін жексенбі күнгі кезектен тыс сайлауда жеңіске жетті.