
Аймақтар • 10 Мамыр, 2023
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жеңістің 78 жылдығы аясында «Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, өнегелі өміріңе еліктейміз!» атты патриоттар кеші өтті.
Қоғам • 03 Мамыр, 2023
Заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына орай Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Шыңғыс Айтматов әлемі» тақырыбында республикалық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараға еліміздің әр қиырындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2023
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келіп, өңір тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ ол тұңғыш рет Әулиеата төрінде ұйымдастырылған «Zhambyl Economic and Investment Forum-2023» халықаралық экономикалық инвестициялық форумына қатысты.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2023
Құлпынай егемін деп құлшынып отыр
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті Ағзам Расылхан оқудан бос уақытында ауылына келіп, құлпынай егуді қолға алды. «Әулиеата Феникс» құс фабрикасында өндірістік тәжірибеден өткен жас жігіт жаңа кәсіпті жолға қоюға барынша ниеттеніп отыр.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2023
Жамбыл облысында тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы жүріп жатыр. Былтыр өңір тұрғындары полиция қызметкерлеріне 16 ойық, 140 тегіс ұңғылы және 4 травматикалық қару-жарақ өткізіп, жалпы сомасы 10 401 948 теңге мөлшерінде төлемақы алған.
Мәдениет • 02 Мамыр, 2023
Есті әннің ешқашан ескірмейтіні әлімсақтан аян. Көңілден кетпейтін сыршыл музыканың ғұмыры қашанда ұзақ. «Музыканың ғұмыры нотада емес, ноталар арасындағы тыныштықта» деген Моцарттың сөзі кейде еріксіз еске түседі. Расында да, жаздың жылы жаңбырындай әдемі ән адам жанының емшісіндей көрінетіні бар.
Ауыл • 02 Мамыр, 2023
Ауылдар ақпараттық жүйеге енеді
Өңірдегі елді мекендерді дамыту, ауылдарда құрылыс жұмыстарын жүргізу бас жоспарда бекітілген тәртіппен жүзеге асырылатыны белгілі. Ол үшін облыстың геоақпараттық жүйесін бір қалыпқа түсіру керек. Қысқасы, бүгінде қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, өңірдің картографиялық деректерін енгізу, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары салаларының мемлекеттік қызметтерін автоматтандыруға айрықша ден қойылған.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2023
Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Қызыл жұлдыз» спорттық балық аулау федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен Жамбыл ауданының аумағындағы Тасөткел көлінде тұқы аулаудан тұңғыш рет өңір чемпионаты ұйымдастырылды.
Форум • 01 Мамыр, 2023
«ZHEIF-2023»: Мүмкіндіктер алаңы
Тасын түртсең тарихы сөйлейтін Әулиеата өңірінің экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылғын «ZHEIF – 2023» халықаралық инвест форумы екі күнге созылды. 900-ге жетеқабыл қонақ келген іс-шара өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы, цифрландыру сынды төрт бағытты қамтыды.
Дін • 27 Сәуір, 2023
Деструктивті діни ағыммен бірлесіп күреспек
Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.