Аймақтар • 20 Ақпан, 2024

Әзілқой балалардың ата-аналары айыппұл арқалады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 112 нөміріне қоңырау шалып, көмекке мұқтаж екенін хабарлаған екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзілқой балалардың ата-аналары айыппұл арқалады

фото: gov.kz

Жаңылыстыру үшін қоңырау шалған балалар: «Біз Ақтөбе қаласындамыз» деп жалған ақпарат таратқан.

Полицейлермен әңгімелесу барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін әзіл ретінде құтқару қызметіне қоңырау шалғанын айтты.

Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы «Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру, 14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Осылайша әзілқой балалардың ата-аналары айыппұл арқалап отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07