Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
186 материал табылды

Мәселе • 04 Қараша, 2025

Жан жарасы жазылмай тұр

Елімізде отбасы институтының беделін арттыру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Соған қарамастан отбасындағы кейбір түйткілді мәселелер әлі де тыйылмай тұрғаны анық.

Аймақтар • 31 Қазан, 2025

Детектив байқауының жеңімпаздары

Көрнекті майдангер жазушы Кемел Тоқаев атындағы дәстүрлі детектив шығармалар байқауы 2018 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. «Заң медиа» корпорациясы қолға алған байқаудың қорытынды іс-шарасы соңғы жылдары еліміздің әр қаласында ұйымдастырылып жүргенін көпшілік біледі. Биыл әдеби байқаудың үздіктері Тараз төрінде анықталды.

Келешек мектептері • 30 Қазан, 2025

Екі ауыл балаларының қуанышы ерекше

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында Жамбыл облысында бұған дейін төрт мектептің іргесі қаланса, Республика күні мерекесі аясында Қордай ауданында тағы екі білім ұясы шәкірттерге есігін айқара ашты. Заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа мектептер уақыт сұранысына сай бой көтерген.

Аймақтар • 30 Қазан, 2025

Заманауи кешен ашылды

Республика күні мерекесінде Жамбыл ауданында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Олардың қатарында заманауи мәдени кешен де бар. Аудан орталығы Аса ауылында өткен ресми іс-шараға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.

Аймақтар • 23 Қазан, 2025

Тотыдай таранған Тараз

Мыңжылдықтардың куә­сіне айналған қарт Тараз жыл өткен сайын жаңа­­­рып, жаңғырып келеді. Кейін­гі бірнеше жылдың беде­рін­де облыс орталығында жаңа шағын аудандар бой көтеріп, инфрақұрылым жаң­ғыртылып жатыр. Жергілікті атқарушы би­лік өкілдері тұрғындарды әлеуметтік тұрғын үй­мен, сапалы ауызсумен қам­тамасыз ету мәселесін шешуге айрықша назар аударып отыр.

Ән • 17 Қазан, 2025

Әке аманаты

Баланың кіршіксіз, риясыз күлкісінен асқан қуаныш та, бақыт та жоқ шығар. Құлындай құлдыраңдап шапқылап жүрген бейкүнә періштенің жүзіндегі жылылық әке біткенді қанаттандыратыны, шабыттандыратыны анық. Көзінің ағы мен қарасындай болған ұлына кім де болса тек жақсылық тілейтініне ешкімнің таласы жоқ. Балаға арналған әдемі әндер аз емес. Солардың ішінде Ғазизхан Шекербектің орындауында «Ұлыма ақыл» әні кімді де болсын ойландырмай, толғандырмай қоймайды.

Аймақтар • 16 Қазан, 2025

Көне Тараз көркейіп келеді

Кейінгі екі жыл бедерінде Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Еліміздегі жасыл қалалардың санатына жататын Тараз шаһарында да төңіректі тегіс таза ұстау мақсатында біршама іс тындырылды. Ең бастысы, шаһар халқы экологиялық мәдениетке баса назар аудара бастағаны көңіл қуантады.

Құрылыс • 15 Қазан, 2025

Кәсіпорын құрылысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге ауқымды инвестиция тарту туралы тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында Жамбыл өңірінде айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Таяуда Байзақ ауданында уақыт сұранысына сай қант зауытының, облыс орталығы Тараз қаласының индустриялық аймағында ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға маманданған кәсіпорынның құрылысы басталды.

Аймақтар • 10 Қазан, 2025

51 мың гектар алқап қайтарылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде өңір­лерде ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Біраз уақыт бұрын басталған жұмыс Жамбыл облысында да айтарлықтай нәтиже бере бастады.

Аймақтар • 07 Қазан, 2025

Қаламгерге құрмет көрсетілді

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен уақытында Шераға, Шерхан Мұртазаның өзі шығарма­шылығын жо­ғары бағалаған Елен Әлімжанның 80 жасқа толған мерей­тойы Әулиеата топырағында кеңінен тойланды. Алдымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде өткен конференцияда зиялы қауым өкілдері мен әдебиетшілер қаламгердің шығармалары туралы өз ойларын ортаға салды.