Референдум • Кеше

Жұдырықтай жұмылған жамбылдықтар

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел аумағында өткен жалпыхалықтық референдумға жамбылдық жамағат та жұмылған жұдырықтай қаты­сып, белсенділік танытты. Өңірде 523 референдум учаскесі жұмыс істеді. Аймақта 726 мыңнан астам адам таңдау құқығына ие болса, олардың басым бөлігі саяси науқанға қатысты.

Жұдырықтай жұмылған жамбылдықтар

Алғашқылардың бірі болып №35 референдум учаскесіне кел­ген өңір басшысы Ербол Қарашөкеев бұл саяси науқанның ел ертеңі үшін маңызды екенін атап өтті. Облыс орталығы Тараз қаласы мен он ауданда да референдум учаскелеріне ағылған жұрт аз болған жоқ. Олардың дені түс­ке дейін таңдау жасап үлгерді. Тараз шаһарындағы учаскелерде Ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, қазақы дәстүр дәріптелді.

№464 референдум учаскесіне келген жүзу спортынан Рио-де-Жанейро Паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидулли­на тағдыршешті саяси науқанға қатысу әр азаматтың борышы екенін атап өтті.

«Жылдар жылыстаған са­йын уақыт жаңашылдықты талап ететіні баршамызға белгілі. Сол тұрғыдан алып қарағанда, Ата заңға да өзгерістер енгізіліп жат­қаны заңдылық. Бұл үрдіс әлем­нің көптеген дамыған мемлекетінде ­де бар екенін білеміз. Ел ертеңі ­үшін маңызы зор мұндай науқанда ­әр адам өз таңдауын жасауға тиіс. Сол үшін де учаскеге ерте­рек келіп, азаматтық борышым­ды өтедім. Тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын болсын. Ел дамуы үшін атқарылып жатқан әр қадам сәтті болғай», деді ел мақтанышы.

Тараздық 101 жасар кейуа­на Разия Әділованың өтініші негізінде қаладағы №42 рефе­рендум учаскесінің комиссия мү­шелері үйіне арнайы бар­ды. Өз таңдауын жасаған ақжау­лықты әже ел болашағы үшін атқарылып жатқан жұмыс сәті­мен жалғасуына тілектестігін біл­діріп, ақ батасын берді.

Республикалық референдумға қатысқан Қазақ ұлттық су ша­руа­шылығы және ирригация уни­верситетінің ректоры Кәмшат Түсіпованың айтуынша, Ата заң­ның жаңа жобасында ғылым және білім салаларын дамыту­ға айрықша басымдық берілген. «Саяси құжатта білім мен ғылым салаларын өркендету, жаңа биік­ке көтерілуіне басымдық беру мәселесі кеңінен қамтылғаны кө­ңіл қуантады. Бұл – жай ұран немесе декларативті құжат емес, мемлекет дамуының құқық­тық негізін қалыптастыратын стра­тегиялық бағыт», дейді ол.

Бұл күні дзюдо күресінен Олим­пиада чемпионы Елдос Сме­тов, «Қазақстан барысы» жоба­сының жеңімпазы Ғалым­жан Қырықбай, грек-рим күресінен Азия чемпионы Ержет Жарылқасынов, бокстан Азия чемпионы Олжас Сәттібаев бастаған өзге де өңірдің беткеұстар спортшылары референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Облыстық аумақтық рефе­рендум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің айтуын­ша, саяси науқанға дайын­дық жұмысы жан-жақты жүргізіл­ген­діктен, 513 учаскенің барлығында референдум заңға сәйкес өткен.

 

Жамбыл облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10