Аймақтар • 28 Қаңтар, 2025
Алматыда алғашқы 60 мопед тіркеу нөмірін алды
Алматыда «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мопедтерді тіркеу басталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев хабарлады.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2025
Алматыда көппәтерлі үйлердің жеделсатысы жаңартылды
Алматы қаласындағы 2011-2024 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының арқасында 2266 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) жөнделіп, оның ішінде 1188 үйдің шатыры, қасбеттері мен кіреберістері қоса қалпына келтіріліп, инженерлік желілері мен электр жабдықтары жаңартылып, күрделі жөндеуден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2025
Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс сүрілді
Бүгін Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Меңдіқұлов бульварының батысында аяқталмаған, көпқабатты автотұрақты бұзуға кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2025
Сөреде тұрмаса да, сұрағанға табылады...
Өткен жылдың 20 маусымда вейптерді елге әкелуге, өндіруге, сатуға, таратуға заңмен тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Заңға бағынбай, мұндай өнімдерді саудалағандарға жаза қарастырылған. Соған қарамастан, жастар арасында вейптерді заңсыз саудалайтындар тыйылмай тұр.
Медицина • 24 Қаңтар, 2025
Сүйек обырына шалдыққан жүзден астам балаға ота жасалды
Алматыдағы Республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы остеосаркома, яғни балалар арасындағы кездесетін сүйектің сирек қатерлі ісігі кезіндегі ірі буындарды эндопротездеу операцияларын 2012 жылдан бері жасап келеді. Бұл дерт көбінесе 10 жастан асқан балаларда кездеседі.
Заң • 22 Қаңтар, 2025
Алматыда контрафактілік тауарлар тәркіленді
Алматы қалалық Әділет департаменті кеше, 2025 жылдың 21 қаңтары күні Apple тауар белгілерін заңсыз пайдаланып келген «Д» кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген кезде, 1300-ден астам контрафактілік өнім анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 17 Қаңтар, 2025
Суқараңғылық емделеді: Алматыда қазақ-неміс глаукома орталығы ашылды
Алматыдағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында қазақ-неміс глаукома орталығы салтанатты түрде ашылды. Жаңа орталықтың дүниеге келуі – адамның көру қабілетін білдірмей, біртіндеп ұрлайтын әрі бірінші кезекте соқырлыққа бастайтын суқараңғы кеселін емдеудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды белесі.
Денсаулық • 15 Қаңтар, 2025
Үнемі шаршау синдромы: Себебі, салдары, алдын алу жолдары
Бел қайыстырған тұрмыстың талай тауқыметі техникаға артылып, жұрттың өзіне бөлетін уақыты көбейгенімен, жасына қарамай, қанша ұйықтаса да ұйқысы қанбайтын, әбден демалса да діңкелеп жүретіндер көбейді. Тіпті созылмалы әлсіздік балалар арасында да жиі кездесетіні байқалады. Әлбетте, бұл мәселеге әркімнің өз көзқарасы бар десек те, бітпейтін бір шаршаудың кілтипаны қайда, одан қалай құтылуға болады?
Басылым • 10 Қаңтар, 2025
Хакім Абайдың 175 жылдық торқалы тойы қарсаңында еліміздің шығысында «Абай әлемі» атты кітаптар топтамасы шыға бастаған еді. Бұрынғы Семей облысы данышпан ақын атымен қайта ашылғанда, бастама жалғасын қайыра тапқан болатын. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен былтыр аталған серия бойынша жиырма кітап жарық көрген. Оның бәрі Астанадағы «Фолиант» баспасынан басылып, өңір кітапханаларына таратылды.
Алматы • 20 Желтоқсан, 2024
Қашанда шаруасы шаш етектен болып жататын Алматы қаласының Мемлекет басшысының пәрменімен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясын атқаруда үздіксіз белсенділік танытқанын дәйектейтін тірлік көп. Тазалықты өнеге, әдетке айналдыру бастамасына қала билігі жастарды, танымал спорт саңлақтарын, өнер жұлдыздарын да тартып, тынымсыз жұмыс жасады.