Алматы • 23 Мамыр, 2025

Ғылым мен өнерді тең ұстап...

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысындағы дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары әлемдік аренада қазақ рухын, ғылымы мен өнерін қатар танытты.

Ғылым мен өнерді тең ұстап...

Қытайдағы FTC (FIRST Tech Challenge) жарысы – V ЦаоЛу кубогі: Жасөспірімдерге арналған робот жобалау және құрастыру бойын­ша ұйымдастырылған білім бәйгесінде Жетісу облысындағы дарынды балаларға арналған Жы­ланды мамандандырылған лицей-интернатының WATER7 командасы Connect Award марапатын иеленді. Бұл – жасөспірімдердің шығармашылығы мен техникалық қабілеттерін әлемдік деңгейде та­нытуға берілген тамаша мүмкіндік. Ауылдан шыққан жас дарындардың ғылым мен техника әлеміндегі зор жетістігі.

Ал осы жеңіс басында тұрған – ауыл мектебінің оқушыларын ха­лықаралық деңгейге көтеріп жүрген маман, роботтехника жат­тықтырушысы Айдос Ордабаевтың еңбегін атап өткен жөн. Өз маман­дығының білгірі лицей-интернатына арнайы шақыртумен келіп, бір жылдың ішінде Жыланды мектебінде роботтехника бағытын жаңа белеске көтерді. Нәтижесінде, оқушылар республикалық және халықаралық деңгейде топ жарып келеді.

Жыланды мектебінде роботтехника зертханасының ашылуына демеушілік көрсетіп, ауыл балаларына үлкен мүмкіндік сыйлаған – ауыл азаматы, меценат Бауыржан Кеңесбекұлы. Мұндай демеу мен қолдау қабілетті балалардың жаңа жетістіктерге жетуіне үлкен серпін беріп отыр.

Осылайша, Халықаралық жарыста WATER7 командасы құрамындағы 11 оқушы жарыс алаңында қазақтың қара домбырасымен күй шертіп, Көк байрағымызды желбіретті.

 

АЛМАТЫ