Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Алматыда көшбасшы әйелдер форумы басталды
Бүгін Алматыда Women In Business халықаралық форумы басталды. Ауқымды шараға 350-ден астам, өз саласының көшбасшысы атанған қыз-келіншек жиналды. Отандық іскер әйелдер бизнесте кездесетін көкейкесті жағдайлар, жаңа мүмкіндіктер мен қолдау шаралары туралы ойларын ортаға салды.
Алматы • 19 Ақпан, 2025
Алматыда заманауи бейнекамералар орнатылады
Алматыда жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен сараптама жасайтын жүйелер қарқынды түрде дамып келеді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін жақсарта түсетін жұмыстар туралы Алматы қалалық Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дюсюков мәлімдеді.
Медицина • 18 Ақпан, 2025
Онкологтар 40-тан асқан ерлерді жүйелі тексеруден өтуге шақырды
Бүгін онколог мамандар Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісінде жасы қырықтан асқан ер адамдарды жүйелі түрде тексеруден өтіп тұруға үндеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Ақпан, 2025
Алматыда бедеулікті емдеудің жаңа әдістері енгізіледі
Бүгін Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісінде «Экомед» емханасының репродуктивті маманы Айгерим Ахметова 2025 жылы Алматыдағы «Экомед» адам репродуктивті емханасы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) мен қосалқы репродуктивті технологиялардың (ҚРТ) тиімділігін арттыра алатын бедеулікті емдеудің жаңа әдістерін енгізетіні туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Ақпан, 2025
Алматыдағы Республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы остеосаркома – балалар арасындағы сирек кездесетін сүйектің қатерлі ісігі кезіндегі ірі буындарды ауыстыру операцияларын 2012 жылдан бері жасап келеді.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
TikTok Қазақстанда 13 жасқа толмағандардың 1,9 миллион есептік жазбасын жойды
Бүгінде өзекті сипатқа ие болған Қауіпсіз интернет күні қарсаңында TikTok өкілдері отандық журналистермен кездесіп, 2024 жылы Қауымдастық ережелерін бұзғандықтан жойылған контент санын жариялады. Қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші платформа қолданушыларды цифрлық сауаттылық негіздеріне баулитын әрі қазақ тілді аудиторияға бағытталған «Ең Алдымен Қауіпсіздік» жаңа білім беру жобасын іске қосқанын мәлімдеді.
Денсаулық • 12 Ақпан, 2025
Денсаулық сақтау саласының ең өзекті мәселесінің бірі – мәйіттік донор. Кейінгі 5 жылда елімізде 1005 науқастың ағзасы алмастырылған, оның 92,1%-ы – туыстық, тек 7,9%-ы – қайтыс болғаннан кейінгі мәйіттік донорларға тиесілі. 2024 жылы 250 ағза ауыстыру операциясы жасалды, оның 227-сі – тірі адамнан, 23-і – мәйіттік донордан алынды.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
Алматы хирургтары науқастың аяғын сақтап қалды
Мегаполистегі Орталық қалалық клиникалық ауруханасына сол жақ аяғының критикалық ишемиясына шалдыққан науқас шұғыл жеткізілді. Мамандар оны тексерген кезде сыртқы мықын артериясына ұласатын жалпы мықын артериясы субокклюзиясына душар болғанын анықтайды, демек бұл тіндердегі қан айналымы әбден зақымданды деген сөз. Мұндай жағдайда әрбір минут маңызды, өйткені, дер кезінде көрсетілмеген көмек науқастың аяғынан айрылуына себеп болатын еді.
Мирас • 07 Ақпан, 2025
Арқарлы тауы бүккен құпия: Түркі қағанаты кезіндегі шайқас көрінісі бейнеленген тастың тағдыр-талайы
Осыдан төрт жыл бұрын «Арқарлы асуынан табылған петроглифтер қиратылып жатыр» деген мәселе көтеріліп, бұған қоғам белсенділері де араласып, Арқарлы жәдігерлері үкімет деңгейінде шешімін тауып, мемлекеттің қорғауына алынған еді. Осылайша, жекеменшіктің қолындағы аумақтан табылған көне ескерткіштер шаруашылық жұмысы кезінде жойылып кетуден аман қалды.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2025
Алматыда заманауи Оқушылар үйі салынды
Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаладағы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында бассейні бар, жаңа Оқушылар үйі салынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.