Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
184 материал табылды

Таным • 23 Қараша, 2024

Әлжанның алтын медалі

1972 жылы 26 тамыз – 11 қыркүйек аралығында Мюнхен қаласында ХХ Олимпиа ойындары өтті. Аталған дүбірлі дода КСРО-ның құрылғанына 50 жыл толған даталы ­мерекемен орайлас келгендіктен, кеңес елінің спортшылары олимпиадаға «қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» ­да­йындалды. Нәтиже жаман емес, одақ құрамасы 52 алтын, ­27 күміс, 23 қола медальға қол жеткізіп, 57 мемлекет арасы­нан жалпыкомандалық бас бәйгені жеңіп алды.

Тұлға • 20 Қараша, 2024

Таеквондо тарланы

Танымал спортшы, Қазақстанда таеквондо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрік ұлтжанды, дарынды және қазақ десе ішкен асын жерге қоятын біртуар азамат еді. Ол 1954 жылы қараша айының 24-і күні Түркияның Кайсери қаласына қарасты Мұсаходжалы атты шағын ауылда дүние есігін ашты. Биыл арыс азаматтың туғанына 70 жыл толды. «Көзден кетсе, көңілден болады өзге» деп бұрынғылар айтпақшы, таеквондо тарланы ескерусіз қалмасын деген ниетпен мақала жазып отырмыз.

Архив • 16 Қараша, 2024

Ақын мұрасы архивте

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Халық жазушысы Фа­­риза Оң­ғарсынованың мұрасын перзенті Алмас Он­ғарсынов елор­да төріндегі Ұлттық архивтің қорына тапсырды.

Таным • 15 Қараша, 2024

Тоқ бүркіт түлкі алмайды

Кәнігі құсбегілер «тоқ бүркіт түлкі алмайды» дейтін қа­ғиданы берік ұстанып, құ­сына жем беру тәсілін шебер меңгерудің арқасында аң­шылық құра білген. Бүркіттің аңға түсуі мен бабының келуі оның жеген жеміне, яғни тамақтануына байланысты. Жемі сәйкеспесе, бүркіттің күйі келмейді. Күйі келмеген бүркіт аңға түспейді.

Таным • 14 Қараша, 2024

Ағартушы меценат

Өткен ғасыр басында Жетісу өлкесіне білімнің шырағын жағып, ағартушылық бағыт ұстанған Мамания мектебіне биыл 125 жыл толса, оның негізін қалаушылардың бірегейі Тұрысбек қажы Маманұлының туғанына 180, өмірден өткеніне 120 жыл толып отыр.

Тарих • 08 Қараша, 2024

Романовтар тойына қатысқан қазақ

Мына бір фотода 12 адамның бейнесі тұр. Жетеуі – патшалық Ресей кезіндегі шенді офицерлер де, қалған бесеуі – азияттар. Бұл жәдігер қазір Орталық мемлекеттік архив қорында сақтаулы. Фотоның ресми анықтамалығында «1913 жыл. Жетісу делегациясы Санкт-Петербург қаласында Романовтар билігінің 300 жылдығын мерекелеу шарасында» деп жазылыпты.

Тұлға • 01 Қараша, 2024

Өзбекәлі өнегесі

Кеңес билігі тұсында халқымыздың жоқшысы атанған тұлғаның бірі – Өзбекәлі Жәнібеков. Бұл қайраткер хақында Шерхан Мұртаза «ақ жүріп өткен аяулы азамат» деп өзінің жүрекжарды сөзін тауып айтқан.

Ұлттық спорт • 30 Қазан, 2024

Аударыспақ

Аударыспақ – салт ат­тылардың ер үстіндегі сайысы. Бұл ойынға күш-қайраты мол, батыл да төзімді, шап­шаң қимылдап, ат құ­лағында ойнай білетін, ат үстіндегі айқасты жақсы мең­герген жі­гіт­тер қа­ты­сады.

Тұлға • 25 Қазан, 2024

Марғұланның мұңы

Биыл ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, ғұлама-ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толып отыр. Бұл тұлғаның ұлт руханиятына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Тарихи тұлғаның артында қалған естеліктері мен замандастары жазып алған ой-толғамдарын шолып отырып, ғалымның өмірлік мұңы барын аңғардық.

Тарих • 23 Қазан, 2024

Күлтегін кешені: бұдан бір ғасыр бұрын

Ежелгі Өтукен, қазіргі Моңғол үстірті Қанғай даласында көк түріктен қалған керемет мұра – Күлтегін жазба ескерткіші тұр. Орналасқан жері – Арғы Қанғай (Архангай) аймағы Қашаты сұ­мыны, әйгілі Қарақорым қала жұр­­тынан 47 шақырымда жат­қан атақты Орхан дариясы­ның сол қапталы Цайдам көлінің оң жақ бөктерінде.