Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1792 материал табылды

Білім • 01 Мамыр, 2025

40 студент Америкаға аттанады

Биыл күзде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақстан-Америка қос дипломдық бағдарламасымен оқитын 40 студенті 3-курстан кейін Аризона штатындағы Тусон қаласының университетіне барып, оқуын жалғастырады.

Экономика • 01 Мамыр, 2025

Ілгері басқан ілкімді істер

Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының биылдың алғашқы тоқсанындағы жалпы өсімінде ауыл шаруашылығы алда болып, 36,4 млрд теңге көлеммен былтырғы жылдан 7,5% артық өнімге қол жеткізді. Соның ішінде мал шаруашылығы өнімдері 7,7%-ға артты. Ет өндіру 9,7%, сүт 5,9%-ға өсті. Жылда өсімі мардымсыз болып жүретін жұмыртқа өндіру де 3,6%-ға артып отыр.

Өндіріс • 29 Сәуір, 2025

Электрпойыз өндірісі өркен жайды

«Railways Systems KZ» компаниясына қарасты ЗИКСТО зауытынан жақында екінші электрпо­йыз шығатынын Өнеркәсіп және құрылыс минис­трлігінің баспасөз қыз­меті хабарлады. Алты вагоннан тұратын ал­ғашқы электрпойыз 2024 жылдың аяғында шыққан еді. Ол ұлт­тық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания­сына беріліп, қазір Астана – Бурабай бағытында жолаушылар тасымалдап жүр.

Су тасқыны • 28 Сәуір, 2025

Заречный кенті аралда қалды

Петропавлдың түбіндегі Заречный кентіне апаратын тасжолдың үстіне су шығып кеткенін бұрын айтқанбыз. Қазір кент аралда қалып, оған қатынас тек қайықпен ғана жасалуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыс • 27 Сәуір, 2025

Алаяқтар азаймай тұр

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің (ЭТД) мамандары биыл қаржы пирамидаларын жасаушыларға қатысты үш қылмыстық іс қозғалғанын жариялады. Бұл істерде 800-ден астам алданған «салымшы» тіркелген. Ал қолды болған қаражат көлемі 100 миллион теңгеден асқан.

Экология • 27 Сәуір, 2025

Қарағайлы орман өсетін болады

Петропавл қаласының жанындағы Борки шағын ауданындағы «Мещан орманы» аталатын орман алқабына облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен 15 мың түп қарағай көшетін отырғызу басталды. 

Төтенше жағдай • 27 Сәуір, 2025

Күтпеген жерден көтерілген тасқын

Петропавлдың түбіндегі Қызылжар ауданына қарайтын Тепличный кентіне былтыр тасқын су кіріп кеткен. Биыл олай бола қоймас деген үміт ақталмады. Су бөгеттерден асып түсу қаупі бар. Сондықтан 25 сәуірде тұрғындар Бескөл ауылындағы 2-ші мектепке және Петропавл қаласындағы жатақханаға эвакуацияланды.   

Жәдігер • 25 Сәуір, 2025

Сыры көп сандық

Мына сандық – өткен ғасырдың басында Меккеге барып қайтқан дүние. Оны Құлеке батырдың бір ұрпағы Бекмырза 1903–1904 жылдары қажылық сапарға барғанда заттарын салуға пайдаланған.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2025

Ауылдың орнында ескерткіш қалды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сарыөзек ауылы болашағы жоқ ауыл санатына кіріп, осыдан он шақты жыл бұрын  тұрғындары толық көшіп кеткен еді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Сәуір, 2025

СҚО-да арзан картоп өтпей жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бастығы Дәурен Тоқушынов Тұрақтылық қорына сақталған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қатарындағы картоп өтпей жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.