Спорт • Бүгін, 20:32

Желтоқсан құрбанын еске алды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсан оқиғасы кезінде зардап шегіп, кейін сол жараның кесірінен өмірден ерте өткен солтүстікқазақстандық боздақ Нұржан Қалиасқаровты еске алуға арналған волейбол туранирі Петропавл қаласында жыл сайын өткізіліп келеді деп хабарлайды Egemen.kz.

Желтоқсан құрбанын еске алды

Оны негізгі ұйымдастырушысы біздің әріптесіміз, ұзақ жылдар «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі болған Өмір Есқали ағамыз.

Оның айтуына қарағанда биыл турнирге облыс бойынша 12 команда қатысқан. Ниет білдіргендер 24 команда екен, бірақ алдын ала іріктеуден 12 команда өтіпті.

Жүлделі орындар алған үш командаға ақшалай сыйлықтар, ал «үздік ойыншы» номинациясы бойынша үш волейболшыға заттай бағалы сыйлықтар берілген.

«Бұл еске алу турнирі 25 жылдан бері үзіліссіз өткізіліп келеді. Оған қатысу үшін көптеген командалар арнайы дайындалып, қазан айынан бастап өздерінің қатысу ниеттерін білдіріп отырады», деді Ө.Есқали.

ПЕТРОПАВЛ