Мәдениет • Бүгін, 19:35

Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ширек ғасыр мерейтойын атап өтті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрнағы күні Қызылжарда С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ашылғандығына 25 толған мерейтойы аталып өтті. Оған өнер ордасының тұңғыш режиссері Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек бастаған  театр шымылдығын алғашқы болып ашқан өнерпаздар, одан бері де біраз жылдар қызмет істегендер және жалпы өнер сүйер қауым тегіс жиналды деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ширек ғасыр мерейтойын атап өтті

Петропавлда қазақ театры алғаш рет 1935 жылы ашылған. Бірақ кеңестік саясат Қызылжарға қазақ жұртшылығын жақындатпау мақсатымен ол театрды 1938 жылы Атырауға көшіріп жіберген. Содан бергі орыстандыру саясатымен төл өнерімізден ажырап қалған қала жұртшылығына 2000 жылы, Тәуелсіздіктің арқасында, С.Мұқановтың 100 жылдығына орай, 62 жылдан кейін қазақ театры қайта ашылған еді. Оны режиссер А.Сәрсенбек М.Әуезовтың «Қарагөз» спектаклымен ашқысы келген, бірақ қаланың көнекөз қарттары С.Мұқановтың өз пьесалары да кем емес екенін айтып, Сәбең театры өз шығармасымен ашылсын деп талап қойған.

Сөйтіп, С.Мұқанов атындағы театр жазушының «Аққан жұлдыз» пьесасымен ашылған еді. Содан бері театр халықаралық, республикалық бірнеше конкурстардың жеңімпазы болып келеді.

Соңғы рет Түркістанда болған халықаралық конкурста С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романын сахналап, Бас жүлдені жеңіп әкелді. Театрдың қазіргі директоры Біржан Жалғасбаев.

ПЕТРОПАВЛ