Тұлға • 28 Наурыз, 2025
Биыл Семей полигонының кіндігі Дегелеңде туып-өскен, бар саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына арнаған ұстаз, ғалым, жазушы Рымғали Нұрғалидің туғанына – 85 жыл.
Аңдатпа • 28 Наурыз, 2025
29 наурыз - Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Милн Алан Александрдың «Винни және онын достары» ертегісі қойылады. Режиссері – Ә.Серікбаев.
Пікір • 27 Наурыз, 2025
Қасиетті ораза айында жер шоқтығы Бурабайда өткен Құрылтайдың кезекті отырысында Қазақстан халқын қуанышқа бөлейтін жағымды жаңалық елді елең еткізді. Бұл шынында, халықтың көңілін күпті қылып жүрген өзекті мәселенің бірі еді...
Пікір • 27 Наурыз, 2025
Көкейдегі ой көпке жеткен жиын
Қазақ тарихында ел тағдырына қатысты келелі шешімдер шығарылатын Құрылтай жиыны кейінгі үш-төрт жылда заманға сай трансформацияланып, жаңаша сипат алды. Ол жерде қоғамның барлық саласынан жиналған белсенділер топтасып, өзекті мәселелерді көтеріп жатыр. Киелі Көкше жерінде өткен төртінші отырыста да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың көкейінде жүрген түйткілдерді ортаға салды.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2025
Нағыз мейрам – Наурыздың жаңа күнінде 2024 жыл маған не берді, жыл он екі айда не жасадым деген санамақ ой түртті. Әдебиет пен өнердегі атаулы оқиғалар қандай да бір қалам иесін бейжай қалдырмасы белгілі. «Фолиант» баспасы жыл сайын ұйымдастыратын «Astana Eurasian Book Fair – 2024» VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі былтыр 17–21 сәуір аралығында өтті.
Тұлға • 27 Наурыз, 2025
«Артық-ауыс сөзі жоқ, мінезі жұмсақ, қақ-соқпен ісі болмайтын, қой аузынан шөп алмас момын санап жүрген курстас досымыз аяқ астынан айды аспанға шығарды». Мұны жазған адам – академик Рымғали Нұрғали. Айтып отырған адамы – Болат Бодаубай. Бүгінгі белгілі журналист, танымал жазушы, қайраткер қаламгер. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.
Тұлға • 27 Наурыз, 2025
Біз Ақмолаға көшіп келген жылы ол 44 жастағы жігіт ағасы еді. Байыпты әрі намысты. Ұлт туралы жиған білік-білімін әрқашан толықтырғысы келіп тұрады. Өсіп-өнген жері – қазіргі Астанадан 125 шақырым жердегі Жолымбет кеніші. Бұл азамат талай жыл Целиноград аталған қаланың жас қоғам қайраткері деңгейінде-тін. Сол 90-жылдары анасын, бауырларын көріп таныстық. Шешесі кең пішілген, дәстүрге жетік, әулетті үйіріп отырған жан екен. Іні-қарындастары бәрі жақсылыққа бой түзеген еңбек адамы болып шықты. Ата-ананың тәлімінен шығар. Жары Ләтипа бастауыш сыныпта сабақ беретін. Дәрігерлер неше түрлі ауыр диагноз қойса да, Жаратқан заңын таңдап, еріне перзент сүйгізген ерлігі де бар-ды. Құлыны әу баста ресми «Эльмира» болып, ұлт сана-сезімі жанданған жылдары бұл есімді Елмейір деп өзгерткені де есімізде.
Театр • 27 Наурыз, 2025
Сахна өнері: сан мен сапа қайтсе үндеседі?
Қазіргі қазақ театры дегенде, сахна өнерінің бүгінгі аяқ алысы мен даму үдерісі әсте естен шығуға тиіс емес. Қуанарлығы сол, заманауи Қазақстан театр өнері уақыт талабына сәйкес жаңғырып, жаңа бағыттарды игеріп келеді. Оның айқын дәлелі – «Театр сыншылары бірлестігінің» өткен жылы жүргізген мониторинг қорытындысы.
Тағзым • 27 Наурыз, 2025
2025 жылғы 22 наурызда танымал кәсіпкер және қоғам қайраткері, Eurasian Resources Group-тің (ERG) негізін қалаушылардың бірі – Aлександр Антонович Машкевич 72-ге қараған шағында өмірден озды.
Құрылыс • 22 Наурыз, 2025
Аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салынады
Қазақстанда Инвестициялар туралы жасалған келісім шеңберінде аммиак пен карбамид өндіретін зауыт құрылысы басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.