
Қоғам • 19 Қазан, 2021
Жауапкершілігі мол жолды таңдағандар қатары қалың
Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі – азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқылығы. Заңнамамен көзделген, сондай-ақ тағайындау немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстық іріктеу азаматтардың заңмен бекітілген талаптарға сәйкестігін анықтауға, олардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалауға бағытталған.
Қазақстан • 19 Қазан, 2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп аталатын Жолдауында еліміздің қоғамдық-саяси дамуының тұрақтылығын қастерлеп қорғауды және оның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени өркендеуінің басым бағыттарын нақты шешімдермен айқындап ұсынады.
Елбасы • 19 Қазан, 2021
Қазақстанның бітімгерлік міндеті маңызды
Қазақстан 1991 жылдан бастап Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін маңызды рөл атқарып келеді. 1995 жылы 10 тамызда Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны, «қазақ руханиятының жаны» – Абай Құнанбайұлының 150 жылдығын тойлауды қолға алды. ЮНЕСКО-ның сол кездегі Бас хатшысы Федерико Майор Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және барлық қатысушыға арналған өзінің құттықтау сөзінде: «Сіздер көлеңкеде болдыңыздар, бірақ бұдан былай халықаралық қоғамдастықтың назары – сіздерде», деді.
Қазақстан • 18 Қазан, 2021
Құстарды сақтандыру мемлекеттен субсидияланады
Бүгінде Қазақстанның мал шаруашылығында мемлекет субсидиялайтын алты сақтандыру шарасы жұмыс істеп тұр. Енді бұл тізімнің қатары үй құстарын сақтандырумен толықтырылды.
Руханият • 18 Қазан, 2021
Абай, Алаш һәм Тәуелсіз Қазақстан мұраты
Өресі биік тұлғаларды алдыңғы қатарға шығара алмаған және солардың ақыл-ойы мен іс-әрекетінің игілігін пайдаланып, жемісін тұтына алмаған қоғам ауыр дағдарысқа ұшырайды, деген екен Әл-Қайс. Қазақ тарихының терең түкпіріне үңілсек, ұлтқа ұстын болатын тау тұлғаларға кенде еместігіміз көңіл көзімізге анық көрінеді.
Қазақстан • 18 Қазан, 2021
Руханиятқа жасалған үлкен қолдау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында жастар саясатына, білім беру жүйесі мен ғылыми әлеуетті арттыру мәселесіне қатысты айтқан сөздері мен берген тапсырмаларын қуанышпен қабылдадық.
Фотогалерея • 18 Қазан, 2021
Назарларыңызға Egemen Qazaqstan газетінің фото-тілшісі Ерлан Омардың фоторепортажын ұсынамыз.
Аймақтар • 18 Қазан, 2021
Ақмола облысы Ақкөл ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды, ол өз жұмысын «Алтын Жер Астана 2020» ШҚ базасында жүзеге асыратын болады. Айта кету керек, бұл Ақкөл ауданында жұмыс істейтін үшінші өрт сөндіру бекеті.
Медицина • 18 Қазан, 2021
Нәрестелердің патронажы туралы нені білу қажет?
Жыл сайын Қазақстанда 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Өмірінің алғашқы айларында жаңа туған нәресте үнемі бақылауды және дұрыс күтімді қажет етеді. Бұл үшін медициналық ұйымдарда патронаждық қызмет жұмыс істейді, нәрестені үйге шығарғаннан кейін оны бірден емхананың учаскелік медбикесі өз бақылауына алады. 18 жасқа дейінгі балалар медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың жеңілдікті санатына кіреді, сондықтан оларға туғаннан бастап кәмелеттік жасқа толғанға дейін барлық медициналық көмек мемлекет есебінен тегін көрсетіледі.