Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24272 материал табылды

Экономика • 11 Ақпан, 2022

Ел экономикасының тірегі – өндіріс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел экономикасы 4 пайызға, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 5,5 пайызға, құрылыс индустриясы – 7,6 пайызға, қызмет көрсету саласындағы сауда-саттық 9,2 пайызға артқанын айтты.

Қоғам • 10 Ақпан, 2022

Жемқорлық – ашкөздік көрінісі

Қоғамымыздағы ең бір өткір әлеуметтік сипаты бар, өзекті құқықтық мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың іргелі себептерін анықтау және олармен күресу. Осы ретте, аталған әлеуметтік індеттің моральдық-этикалық себептерін құқықтық тұрғыда талдағанды жөн көрдім.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен де, сонымен бірге тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту арқылы да жүзеге асырылады. Мұндай мінез-құлықтың негізі – жемқорлық құқық бұзушылықтарымен сыйыспайтын моральдық құндылықтар мен этикалық стандарттар.

Әдебиет • 10 Ақпан, 2022

Жабық бәйгенің жалынан ұстасақ

Жабық бәйге жабықтан сығалағандардың сыбағасы емес, ол – ентігіп келген шын жүйріктердің шабысы. Бәйгеден жүйрігі бұрын келген атбегі қалай шаттанса, әділ сарапшыдан оң бағасын алған шығарма иесі де қопаңдап қалған атбегіден бір де кем түспейді. Айтпағымыз – бір кездері, өзіміз бетіне күйе жағып шығарып салған социализм кезеңінде, жабық конкурс деп аталған әдеби бәсеке болатын. Оның жарқын мысалы – Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитет пен «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармаларға жарияланған жыл сайынғы жабық конкурсы еді.

Қоғам • 10 Ақпан, 2022

Жемқорлықты адалдық қана ауыздықтайды

Педагог пен парақор. Бұлар – өзара қабыспайтын, мүлдем кереғар ұғымдар. Неге десеңіз, елдің ертеңін оқытып, тәрбиелейтін маманды парақор ретінде елестетудің өзі қиын. Өкінішке қарай, өзге сала мамандарымен қатар мұғалімдер қауымы арасында да пара алуға бейім жандар ұшырасатынын жоққа шығара алмаймыз. Әсіресе мамандар даярлайтын колледждер мен жоғары оқу орындарында түрлі жолмен пара алу әрекеттері кездесіп жатады.

Медицина • 10 Ақпан, 2022

Балаларды тегін тексерді

«Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасы балалар үшін 49 зат алмасудың тұқым қуалайтын ауруларын анықтауға бағытталған заманауи зерттеуді тегін өткізді.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2022

Субсидияға қатаң бақылау қажет

Дана халқымыз әуелден «Ауыл – алтын бесігіміз» дегенді санамызға құйып өсірді. Сәбидің өсіп-өнуі үшін бесіктің мәні қандай жоғары болса, ауыл халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде де сондай маңызды.

Қоғам • 10 Ақпан, 2022

«Кедейлік қақпанынан» шығамыз десек...

Әлеуметтік саясатта, әлеуметтану ғылымында «кедейлік қақпаны» деген ұғым бар. Ол қоғамда қашан туындайды?

Қоғам • 10 Ақпан, 2022

Гранттардың көлемі ұлғайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысының халыққа көрсетілетін жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын орындады, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Пікір • 10 Ақпан, 2022

Мемлекет дамуы жауапкершіліктен басталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамытуға бағытталған тиімді жобаларды несиелеуді ынталандыратын реттеу тетіктерін құру қажет екенін айтты. Ауыл шаруа­шылығы, оның ішінде агроөнеркәсіп секторындағы қордаланып қалған проблемаларға назар аударды. Осы саланың өкілі болғандықтан, Мемлекет басшысы тарапынан айтылған әрбір сын маңдайымды қарып өткендей әсерде болдым.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2022

Трансферттер көздеген нысанына жетуі шарт

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмаларының бірі өңірлерге бөлінетін қаражаттың теңгерімсіздігіне байланысты болды. Осыған сәйкес біздің комитетте арнайы жұмыс тобы құрылды, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіліп, сараптама жасалуда.