Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23725 материал табылды

Қазақстан • 27 Қазан, 2021

Ең бастысы – азаматтардың сенімі

Сот және құқық жүйесіндегі рефор­ма­лардың баяу жүргізілуі оның әрдайым кейбір құрылымдық өзгерістермен шек­­телуінде. Олардың қоғам дамуынан қалып қоюы азаматтардың кон­сти­туция­лық құ­қық­тарын қорғау мен елдің эко­но­ми­­калық дамуына кері әсер етті. Ол мем­­лекеттің беделін түсірді. Сон­дық­тан Президент Қ.Тоқаев құқықтық мем­ле­кет­тің маңызды критерийі ретінде ашық және әді­летті қоғам мен тиімді мемлекет құру мәсе­лесін көтерді.

Қазақстан • 27 Қазан, 2021

Smart Zholy жеңімпаздары анықталды

«Цифрлық трансформация және жаңа өмір сапасы» тақырыбында OPEN MIND ашық инновациялар онлайн-форумы жұмысын аяқтады.

Экономика • 27 Қазан, 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ 500 млн долларға еурооблигация орналастырды

«Самұрық-Қазына» АҚ жылдық 2,00% купонмен 500 млн АҚШ дол­ларына тең еуро­об­лига­ция­ның бес жылдың дебют­ті шыға­рылымын сәтті орналас­тырды.

Қазақстан • 27 Қазан, 2021

Ұлттық жобалар – кемел келешек кепілі

Сан ғасырдан тамыр тартқан терең тарихында халқымыз тағдырдың сан түрлі сынағына төтеп беріп келеді. Арысы Алқакөл сұламаны айтпағанда, өткен ғасырдың зұлматы ел жадынан әлі өшкен жоқ. Аштық пен жасанды таптық күрес, ұжымдастыру мен саяси репрессияларды басынан өткізіп, Екінші дүниежүзілік соғыста тоз-тозы шыққан халықтың қуғын-сүргінде де көрмегені жоқ. Тәубе! Аңсатып жеткен азаттық қолға тигесін жоғымызды жоқтап, еңсемізді тіктедік. Түгенделген тарихты тізбелемегеннің өзінде күні кеше Мемлекет басшысы арнайы комиссия құрып, өткен дәуірде әділетсіздіктің құрбаны болған боздақтардың өміріне әділетті баға беру керектігін тапсырды.

Руханият • 27 Қазан, 2021

Асыл ағаның шарапаты

Айтыс өнерінің дүлдүлі, Қазақстанның халық ақыны Манап Көкеновтің ұлы, 1980-2002 жылдар аралығында қазақ айтыс өнерінің қайта жаңғыруына сүбелі үлес қосқан, 300-ден аса өлең мен 60-тан астам әннің авторы, «Мәдениет қайраткері», Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» Әбдікерім Манаповты біздің өңірде білмейтін жан кемде-кем.

Тарих • 26 Қазан, 2021

Тылсым күшпен тіл табысқан

Қазақта «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі, ажалсыз тірі жүреді» деген сөз бар... Кеңес заманында отбасыммен Одесса қаласына барған едім. Осы кезде мектептің саябағында демалып отырған Кеңес Одағының екі дүркін батыры атанған Владимир Алексеенконы танып, әңгімеге тарттым.

Экология • 26 Қазан, 2021

Қазақстан даласы құрғап барады

Соңғы жылдары еліміздің жетекші экология мамандары, География және су қауіпсіздігі институты өзекті экологиялық мәселе – шөлейттенуге байланысты дабыл қаға бастағаны белгілі.

Қоғам • 25 Қазан, 2021

Жаны жайсаң Жаз-ата

Қазақта «қара» сөзіне кие мен қасиет қонғандай. Небір ұлтқа тән түйдек тір­кестер осы сөзбен астасып жатыр. «Қара жер», «қара бала», «қара орман», «қара халық», «қара шал» дегендей... Осынау киелі ұғымымен қабаттастырып, мақаламыздың маңдайына «Қазақтың қасиетті қара шалы» деп тақырып қойып, тарқата сөйлеуге болар еді.

Қоғам • 25 Қазан, 2021

Әке аманаттаған әділдік

Әдебиет – халықтың рухани өмірінің ең күрделі әрі маңызды бөлігі. Әйгілі жазушы, аса көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев: «Мен әдебиетші болмасам, саясатқа келмес едім. Суреткер болмасам, күрескер де болмас едім. Бұрын суреткер ретінде толғандырып жүрген мәселелер – мені азамат ретінде толғандырып жүрген мәселелер еді», деген.

Аймақтар • 25 Қазан, 2021

Тарих әркімге өзінің лайықты бағасын береді

Күн сайын таңсәріде велосипедпен қаламыздағы дендропаркте серуендейтінім бар...