Пікір • 24 Ақпан, 2022
Қаңтар оқиғасынан бері қарапайым халықты толғандыратын сан салалы сұрақтарға жоғарғы билік тарапынан берілген тұщымды жауаптардың жұтаңдығы қазақстандық қоғамды қатты алаңдатып жүреді. Президент соның көпшілігіне тұщымды жауап берді.
Пікір • 24 Ақпан, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғаларынан кейін жасаған қадамдарын құптаймыз. Сондай-ақ бізге іргелі саяси реформалар керек. Сонда ғана өзге реформалар нәтижелі болады.
Руханият • 23 Ақпан, 2022
Қарап отырсаңыз, ұлы ғұлама қайраткердің саналы өмірінің көп бөлігі толып жатқан күрестермен, қиыншылықтармен өткен. Міне, соған қарамастан, А.Байтұрсынұлының ештеңге мойымай, туған жұрты үшін тоқтаусыз еңбек етуі таңғалдырады.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Шафхат Мұхамеджанұлы 1892 жылы 26 ақпанда Бөкей Ордасында дүниеге келген. Әкесі Мұхамеджан Шолтырұлы І және ІІ Теңіз жағалауы округінің әкімі қызметін атқарған. Қызметі халыққа жаққан, оны елі еркелетіп «Мақаш» атап кеткен. Ел ішінде «Мақаш қайда жүрсе де, соры арылмаған тесікөкпе кедейдің қамқоршысы болып, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап өткен алабөтен адам болған», деген сөз бар. 1894 жылы патшаға жұттан жұтаған халқына көмек сұрап, қазақтар қоныстанған жерлерге шіркеулер салмауын сұрап, алтыннан соққан киіз үйді сыйға тартуы сөзімізге дәлел болмақ.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2022
Отанды сүю деген сөз – оның әр түйір тасын, өзені мен көлін, орманы мен шөлін сүйе білу деген сөз. Осындай шексіз махаббаттың, сүйіспеншілік пен адалдықтың тұмса тұнығынан ұлы туындылар өмірге келеді. Ұлттың мақтанышына, мемлекеттің нышанына айналған мұндай құнды дүние – көкте желбіреген Көк Байрағымыз. Бүгінгі әңгімеміздің арқауы Мемлекеттік Тудың авторы, қазақ халқының бір туар ұлы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков туралы болмақ.
Спорт • 23 Ақпан, 2022
Спорттық нысандар мүгедектерге қолжетімді ме?
2025 жылға дейін спорттық нысанның барлығы мүгедектерге қолжетімді болуы қажет.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Талғат Теменов: Бізге «әр қазақ менің бауырым» деген философия керек
Қаңтардың басындағы қырғын... Бұл өте қорқынышты қысылтаяң кез еді. Қазақта «сырттан шапқан жаудан көрі, іштен шыққан жау жаман» деген сөз бар. Бұл жау іштен шыққан жау болды.
Қоғам • 23 Ақпан, 2022
Марапаттан дос көңілін жоғары қойған
Қас қағымда болып жататын кей сəттердің адам өмірінің жарқын естелігіне айналатыны бар. Өйткені қазіргідей қатыгез, əркім өз көрпесін тек өзіне қарай тартатын тар заманда көңіліңе шуақ нұрын құятын осындай оңды оқиғалардың тым сирексіп бара жатқаны да жасырын емес.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2022
Қашанда ел жаққа қарап елеңдейміз
Осыдан бір жыл шамасы бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде осы бас басылымның Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлының «Семейдегі серпіліс» деген мақаласы жарық көрген болатын. Əрине, кім-кім үшін де өзі туып-өскен өңір, қызмет еткен орта ерекше ыстық болатыны сөзсіз.
Руханият • 23 Ақпан, 2022
Өз тілімізді өзіміз шұбарламайық, ағайын!
Біздің тіліміз – өте бай тіл. Солай бола тұрса да біз осы тіліміздің байыбына барып жатқанымыз шамалы. Барынша мақтаныш тұтудың орнына, өкінішке қарай, керісінше, өз тілімізді өзіміз шұбарлауға жол беріп жатамыз.