Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23190 материал табылды

Білім • 26 Қараша, 2024

Мемлекеттік кепілдік неге орындалмай отыр?

Елімізде әлі де орта білім беретін мектептерде оқушыларға орын жетпейді, көптеген сыныпта 30-дан аса бала білім алады. Бұған ата-аналар да алаңдап, білім сапасына қатысты мәселе көтереді. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында ұлт сапасын жақсартып, кадрлық әлеуетті арттыруда орта білім жүйесі өте маңызды рөл атқаратынын үнемі айтады. Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес кейінгі 5 жыл ішінде білім саласында бәсекелестік орта қалыптастыру, бюджетке түсетін жүктемені төмендету және оқушы орындарының тапшылығын азайтуда жеке инвесторлардың қаржысына салынған мектептердің үлесі біршама арта түсті.

Әдебиет • 23 Қараша, 2024

Шайбайдың Сұлтанмахмұтқа арнауы

«Айқап» журналының көне парақтарын ақтарып отырып, Шайбай Аймановтың Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арна­ған өлеңін тауып алдым. Төте жазумен түсірілген өлең 1915 жылы журналдың 11-санында жарияланыпты.

Қоғам • 23 Қараша, 2024

Мамандық таңдауда түйткіл көп

Білім ошағындағы әр жас арманымдағы мамандық иесі атансам деп ниеттенеді. Дегенмен өз қалауынан гөрі ата-анасының ықпалына не ҰБТ-ның шешіміне қарап қалады. Кей деректерге жүгінсек, жоғары білім алғандардың 10-20%-ы ғана өз мамандығымен жұмыс істейді. Демек біздің қоғамда мамандық таңдау мәселесі әлі де өзекті.

Саясат • 23 Қараша, 2024

Рухани дипломатияның маңызын зерделеді

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей­ге сапары аясында Мәскеу және Бүкіл Ресей патриархы Кирилл­­мен кездесті. Іс-шара барысында палата спикері оған Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аты­­­нан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі­не ша­қыруды табыс етті. Кездесуде тараптар рухани дип­ло­ма­тия­ның қазіргі сын-қатерлерді еңсерудегі рөлін талқылады.

Үкімет • 23 Қараша, 2024

Күн тәртібінде – Су кодексі

Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәр­тібі нақ­тыланды.

Саясат • 22 Қараша, 2024

ТМД Парламентаралық ассамблеясы отырысы

Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық ассамблеясының 57-пленарлық отырысы өтті. Оған Достастыққа мүше мемлекеттердің Парламент палаталарының төрағалары қатысты. Қазақстан делегациясын Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев бастап барды.

Сатира • 22 Қараша, 2024

Шыбын шықпырту

Той десе қу бас домалайды емес пе, ырың-жырыңмен түн асырып барып бітіріп, біраз еркек кіндік бір бөлмеде жатуға тура кепті. Бәр-бәрінің түк болмағандай дөңкиіп жатыстарын.

Егемен Қазақстан • 22 Қараша, 2024

«Хат қоржын»

Алаяқтан абай болайық! Бүгінде түрлі әдіс-айланы пайдаланып, жұртшылықтың қалтасын қағатын алаяқтар тым көбейіп бара жатыр. Мысалы, былтыр зейнетке жетер-жетпес жастағы бір танысымның жұмыстағы қызмет телефонына біреу хабарласып, 1 миллион теңгесін алдап алған. Танысым ақшаны алаяқтың шабарман сыбайласына өз қолымен апарып берген. Қатты абдырағаны сол, көліктің не маркасына, не нөміріне мән бермеген.

Тұлға • 22 Қараша, 2024

Жаңалығы жоғары бағаланған ғалым

Қазір еліміз жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатыр. Азаматтардың бойына уақыт талабына сай дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнықты. Әсіресе қоғамдық-саяси болмысымыз, қалпымыз бен мәдени кодымыз өзгере бастады. Соңғы бес жылда елімізде ауқымды реформалар жүргізілді. Саяси жүйе түбегейлі өзгерді. Жұртшылықтың сана-сезімінде соны бетбұрыс байқалады. Халқымыздың құқықтық мәдениеті өсті. Осының бәрі қоғам өмірінде жаңаша көрініс тауып отыр.

Қоғам • 22 Қараша, 2024

Басты мақсат – өңір халқының тұрмысын жақсарту

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова өңірдегі әлеуметтік нысандарды аралап, сала мамандарымен кездесті. Кездесу барысында денсаулық сақтау мен білім саласын жаңғырту, спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.