Саясат • Кеше

Astana Hub-қа барды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге ресми сапармен келген Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинмен бірге Astana Hub-қа барды.

Astana Hub-қа барды

Беларусь Республикасының үкіметтік делегациясы Қазақстандағы цифрлық индустрияның дамуы, инновациялық стартаптар және GovTech шешімдерімен танысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық мемлекетті жедел дамыту және экономиканың барлық саласына инновациялық технологияларды енгізу жөнінде қойған міндеті шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ-ның онлайн қызметтер индексі бойынша әлемде 10-шы, ал ТМД-да 1-орында, сондай-ақ жаһандық электрондық үкіметті дамыту индексінде 24-орында тұр. Еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы азаматтарға онлайн режімде көрсетіледі.

Инновациялар үшін тартымды орталыққа айналған Astana Hub алаңында делегация жасанды интел­лектіні пайдалану арқылы түрлі салаларда жүзеге асырылатын отандық стартаптармен танысты. Олар – ересектер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде – Aman, спорттық аналитиканы дамытуда – Mirai Tech, пилотсыз ұшу технологиясын әзірлеуде aDrone.kz жобалары. Сондай-ақ білім беруде TrustExam және Codiplay, денсаулық сақтауда Ascle және басқа да салаларда қолданылатын ЖИ-стартаптар ұсынылған. 2024 жылы Қазақстандағы IT-қызметтерінің экспорты 20%-дан астам өсім көрсетіп,  880 млн доллардан асты.

Peer-to-peer инновациялық оқыту жүйесі қолданылатын Tomorrow мектебіне барған кезде Қазақстанның жоғары білікті IT мамандарды даяр­лау бойынша жүргізіп жатқан жұмыс­тарына назар аудартылды. Жалпы, Қазақстанда 500 мыңға жуық азамат жасанды интеллект негіздерін оқып жатыр.

Одан бөлек, Беларусь Премьер-министріне Цифрлық кеңсенің қызметі және Egov Mobile, Egov Business, Smart Data Ukimet, ЖИ-ге негізделген ұлттық платформа мен тағы да басқалардың технологиялық мүмкіндіктері таныстырылды. Олар – халық пен бизнестің ыңғайлылығына, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Жануар бейнесіндегі бағаналар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Ұшқышсыз тікұшақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:03

Көне құжаттағы уақыт табы

Архив • Бүгін, 08:58