Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3542 материал табылды

Театр • 15 Сәуір, 2025

Теңіздей тақсіретті сахнаға сыйдырған

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының құрыл­ғанына 25 жыл толып отыр. Халық өнері мен музыкасын насихат­тау­ға, дамытуға зор үлес қосқан қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың есімін иелен­ген қазақ театры – еліміздегі клас­си­ка­лық, тарихи, аударма және за­ма­­науи шығармаларды сахналауда терең ізденістерге барып жүрген ұжым­дар­дың бірі.

Тағзым • 12 Сәуір, 2025

Міржақыптану мұраты

Ғылым күні аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алаштануға қатысты елеулі іс-шара өтті. Филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасы мен мәдени-танымдық «Alqa» жастар ұйымы көрнекті Алаш қайраткері, ағартушы, ақын, жазушы, көсемсөзші Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған ғылыми семинар өткізді. Мақсаты – ұлт тұлғасының ғұмырбаяны мен шығармашылығын білім алушылар арасында кеңінен дәріптеу және бүгінгі жастар жобаларын Алаш мұратымен толықтыра түсу.

Сұхбат • 12 Сәуір, 2025

Жадыра Аширова: Ізденіс нәтижеге жеткізеді

Бүгінде ғылым саласына білікті кадрлар тартуға ерекше маңыз беріліп отыр. Әсіресе ғылымдағы жастардың үлесін арттыру бас­ты назарға алынған. Ғылым қызметкерлері күніне орай биотехнология, жасыл инновация, биоинженерия салаларынан ғылыми зерттеу жүргізіп жүрген жас ғалым, PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің доценті Жадыра АШИРОВАМЕН әңгімелестік.

Басылым • 12 Сәуір, 2025

Академиктің 10 томдық жинағы жарық көрді

Парламент Сенатының депутаттары Қаныш Сәтбаевтың шығар­маларының толық жинағының салтанатты тұсау­ке­се­ріне қатысты.

Экономика • 12 Сәуір, 2025

«Самұрық-Қазына» ғылыми жобаларды қаржыландыру арқылы өндірістің тиімділігін арттырады

12 сәуір – Ғылым күніне орай «Самұрық-Қазынада» Қор тобының ғылыми-техникалық қызметіне арналған жиын өтті. Онда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструктор­лық жұмыстарды қаржыландыру, ғылыми-техникалық қызметтің ағымдағы нәтижелері талқыланды. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың басшылары, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының (Қорға қарасты ғылыми әзірлемелерді іріктеп, қаржыландыруға ұсынатын коммерциялық емес ұйым) өкілдері қатысты.

Қоғам • 12 Сәуір, 2025

Қаныштың қазынасы (Ой салатын онтомдық)

Көптен күткен онтомдық қолымызға тиді. Қастерлі қазына. Бағалы байлық. Қазаққа қадірлі Қаныш Сәтбаевтың мұрасы. Бұл онтомдық біраз нәрседен хабар береді. Әлемге әйгілі академиктің бүкіл дүниесі қамтылған. Ғылыми еңбектері жинақталған. Мақалалары топтастырылған. Жаңадан табылған туындылары қосылған. Библиографиясы түзілген. Қысқасы, көп тер төгілген.

Құқық • 12 Сәуір, 2025

Балалар қауіпсіздігі іс-шаралары пысықталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті.

Үкімет • 12 Сәуір, 2025

Субсидия беру жүйеленеді

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Үлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен ауыл шаруашылығындағы ақпараттық жүйелердің мәселелері мен даму әлеуеті қаралды.

Заң мен Тәртіп • 12 Сәуір, 2025

Әділетті қоғамның тірегі – білікті заңгер

Заңгерлік жоғары оқу орындарының түлектері арқылы қоғамның құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің құндылықтары мен көзқарастарын бекітеміз. Мемлекеттің, экономиканың және әлеуметтік саланың жағдайы мамандарды даярлау сапасына байланысты. Сондықтан осы секторды тиімді нығайтуда негізгі мәселелерге ерекше назар аудару қажет.

Үкімет • 12 Сәуір, 2025

Отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.