Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3191 материал табылды

Тағзым • 25 Ақпан, 2025

Дарқан дарын

Біз Әуезовтей алыпты көр­ген жоқпыз, бірақ оның тағылы­мын алып, қазақ әдебиетіне алпы­сыншы жылдары қосылған те­геу­рінді топтың шығармалары­мен жетілдік. Бұлар университет тауысып, әлем әдебиеті­нің алуан бұлақтарынан мейірі қанғанша сусындаған өте бі­лім­ді, оқымысты буын еді. Сол қатардың топжарғаны Дулат аға Исабеков дүниеден озыпты.

Тағзым • 25 Ақпан, 2025

Күлімсіреп қоштасқан еді...

Классик жазушы, Қазақ­станның ­Еңбек ері, қазақ әдебиеті мен драматур­гия­сын дүниеге танытқан дүлдүліміз Дулат Исабековтің де соңғы сағаты соғыпты. Ұлттың сөзін сөйлеп өткен ұлы жазушымызбен бірге дәуір көшіп барады. Алыптардың бізді тастап кетуі жалғасып жатыр. Қайран, бітімі бөлек, біртуар тұлғамыз Дулат көкем-ай!

Пікір • 25 Ақпан, 2025

Әдебиет әлемінің төрінде

Біз, 80-жылдар өскіндері, әдебиетте Дулат Исабек әлемі­мен сусындап өстік. Ауылда қы­зыл жыңғыл­ды ат қып мі­ніп жүр­ген шағымызда «Боно­парттың үйленуі» жарық көр­се, сондағы оташының өткір бәкісі біздің де балалық ша­ғымызға жарық­шақ түсіріп, еркін ержетіп, бой түзеуімізге септігін тигізді, сонда әдебиет деген сиқырдың алдында ерік­сіз бас игенімізді білмей де қалдық.

Үкімет • 25 Ақпан, 2025

Әскери қызмет туралы заң қаралады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен бюро өтті. Онда депутаттар 27 ақпандағы отырыстың күн тәртібін бекітіп, комитеттерде көтерілетін мәселелерді талқылады.

Саясат • 25 Ақпан, 2025

Бауырлас елмен баянды байланыс

Астанада Премьер-министр Олжас Бектенов пен алғашқы ресми сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Өшпес даңқ • 25 Ақпан, 2025

Майдангер ұстанымы

Алаш қайраткерлеріне қатысы бар әр отбасының айрықша тарихын былайғы жұрт біле бермейді. Менің марқұм анам Гүлнар – таяуда ғана Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жалпы редакциясымен шыққан 12 томдық «Алашорда ісі» атты жинақтағы негізгі тұлғалардың бірі, көрнекті ұлт қайраткері Хайретдин Болғанбайдың туған қызы. Нағашы әжем (яғни Гүлнар Хайретдинқызының анасы) Рахима Әкбарқызы – Алаш қозғалысына қаржылай жәрдемдескен, Ақмола қаласының қалыптасып-дамуына атсалысқан көпес Әкбар Халфиннің перзенті.

Саясат • 25 Ақпан, 2025

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының басқосуы

Парламент Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Венада өткен 24-қысқы отырысына қатысты.

Тағзым • 25 Ақпан, 2025

Дулаттай дүлдүл өтті дүниеден

Ұлт әдебиеті мен мәдениеті қара жамылды. Қазіргі әдебиетіміз­дің алып бәйтерегі, жазу­шы-драматург, Мем­лекеттік сый­лық­тың иегері, Қазақ­­­­станның Еңбек ері, Халық жазу­­шысы Дулат Иса­беков бақиға озды.

Мәселе • 22 Ақпан, 2025

Жатақхана. Шешімін таппаған түйткіл

Жоғары білім – әрбір жастың болашағына салынған инвестиция. Жыл сайын мыңдаған талапкер университетке қабылданып, білім алуға мүмкіндік алады. Алайда олар үшін ең өзекті мәселенің бірі – баспанамен қамтамасыз ету. Әсіресе басқа қаладан келген студенттерге жатақхана – жайлы орын ғана емес, олардың оқу үдерісіне толық араласуына маңызды фактор.

Қоғам • 22 Ақпан, 2025

Салық реформасы жайындағы ой-талқы

«Taldau Talks» подкасының салық реформасына арналған жаңа шығарылы­мы жарияланды. Салық кодексінің жобасына енгізілетін түзетулер Парламент депутаттарының қарауына ұсынылуына байланысты осы тақырыпты талқылау маңызды болып отыр.